Анықтамалық нұсқаулық
112
Q
Фотокамераны жалғау
Фотокамераны бірге жеткізілген UC-E17 USB кабелі арқылы жалғаңыз.
1 Фотокамераны өшіріңіз.
2 Компьютерді қосыңыз.
Компьютерді қосыңыз жəне жұмысқа қосылуын күтіңіз.
3 USB кабельді жалғаңыз.
USB кабельді көрсетілгендей жалғаңыз.
4 Фотокамераны қосыңыз.
5 Nikon Transfer 2 іске қосыңыз.
Егер бағдарламаны таңдауды сұрайтын хабар көрсетілсе, Nikon Transfer 2
таңдаңыз.
D USB концентраторлары
Фотокамераны тікелей компьютерге жалғаңыз; кабельді USB концентратор немесе
пернетақта арқылы жалғамаңыз.
A Windows 7 жүйесі
Егер мына тілқатысу терезесі көрсетілсе, төменде сипатталғандай Nikon Transfer 2
таңдаңыз.
1 Import pictures and videos (Суреттерді жəне
бейнефильмдерді импорттау) астында
Change program (Бағдарламаны өзгерту)
басыңыз.
Бағдарламаны таңдау тілқатысу
терезесі көрсетіледі; Import file using
Nikon Transfer 2 (Nikon Transfer 2 арқылы
файлды импорттау) таңдап, OK басыңыз.
2 Import file (Файлды импорттау) екі рет басыңыз.