Анықтамалық нұсқаулық
122
Q
Фотосуреттерді теледидарда қарау
Бірге жеткізілген EG-CP14 дыбыс/бейне (Д/Б) кабелін фотокамераны қарау немесе
жазу үшін теледидарға немесе бейнекамераға жалғау үшін пайдалануға болады. C
типті мини-штифтті Анықтығы-Жоғары Мультимедия Интерфейстік (HDMI) кабелін
(бөгде жеткізушілерден сатып алуға болады) фотокамераны анықтығы жоғары
бейне құрылғыларға жалғау үшін пайдалануға болады.
Анықтығы стандартты деңгейдегі
құрылғылар
Фотокамераны стандартты теледидарға жалғамас бұрын фотокамерадағы бейне
стандарттың (0 136) теледидарда пайдаланылатын стандартпен сəйкестігін
растаңыз.
1 Фотокамераны өшіріңіз.
Дыбыстық/бейне сигнал кабелін жалғаудан немесе ажыратудан бұрын
əрдайым фотокамераны өшіруді ұмытпаңыз.
2 Дыбыстық/бейне сигнал кабелін көрсетілген ретте жалғаңыз.
3 Теледидарды бейне сигнал арнасына реттеңіз.
4 Фотокамераны қосып, K түймешігін басыңыз.
Қарау кезінде кескіндер теледидар экранында көрсетіледі. Кескіндердің
шеттері көрінбеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
A Бейне режим
Егер ешбір кескін көрсетілмесе, фотокамераның дұрыс жалғанғанын жəне Video mode
(Бейне режим) (0 136) үшін таңдалған параметрдің теледидарда пайдаланылатын бейне
стандартына сəйкестігін тексеріңіз.
A Теледидарда қарау
Ұзақ қарау үшін EH-5b айнымалы ток адаптерін жəне EP-5A қуат жалғағышын (бөлек
сатылады) пайдаланған жөн.
Бейне
құрылғыға
Фотокамераға
жалғау
Дыбыс (ақ)
Бейне (сары)