Анықтамалық нұсқаулық

123
Q
Анықтығы жоғары құрылғылар
Фотокамераны HDMI құрылғыларға C типті мини-штифтті HDMI кабель (бөгде
адамдардан сатып алуға болады) арқылы жалғауға болады.
1 Фотокамераны өшіріңіз.
HDMI кабельді жалғаудан немесе суырудан бұрын əрдайым фотокамераны
өшіруді ұмытпаңыз.
2 HDMI кабельді көрсетілген ретте жалғаңыз.
3 Құрылғыны HDMI арнасына реттеңіз.
4 Фотокамераны қосып, K түймешігін басыңыз.
Қарау кезінде кескіндер ажыратымдылығы жоғары теледидарда немесе
бейне құрылғыда көрсетіледі. Кескіндердің шеттері көрінбеуі мүмкін екенін
ескеріңіз.
D Жалғағыш қақпағын жабу
Жалғағыштарды пайдаланбаған кезде жалғағыш қақпағын жабыңыз. Жалғағышқа түсіп
кеткен бөгде заттар деректерді көшіруге кедергі келтіруі мүмкін.
A Дыбыс
Қосымша ME-1 стерео микрофоны (0 91, 177) арқылы стереода жазылған дыбыспен
бейнефильмді фотокамераға дыбыс/бейне кабелі арқылы жалғанған теледидарда қараған
кезде дыбыс шығысы монофонды болады. HDMI қосылымдар стерео пішіміндегі дыбыс
қуатына қолдау көрсетеді. Дыбыс деңгейін теледидардың басқару тетіктері арқылы
реттеуге болады; фотокамераның басқару тетіктерін пайдалану мүмкін болмайды.
Анықтығы жоғары құрылғыға
қосылу (HDMI құрылғысына
арналған жалғағышы бар
кабельді таңдаңыз)
Фотокамераға жалғау