Анықтамалық нұсқаулық
124
Q
❚❚ HDMI параметрлері
Баптау мəзіріндегі HDMI параметрі шығыс ажыратымдылығын басқарады жəне оны
HDMI құрылғыларына қосылған сыртқы құрылғыларды басқару үшін пайдалану
мүмкіндігін беретін стандарт, HDMI-CEC (High-Definition Multimedia Interface–
Consumer Electronics Control қолдау көрсететін құрылғылардан қашықтан басқару
пульті үшін фотокамераны қосу үшін пайдалануға болады).
Output Resolution (Шығыс ажыратымдылығы)
HDMI құрылғысына жіберілетін кескіндердің пішімін таңдаңыз.
Егер Auto (Авто) таңдалған болса, фотокамера тиісті пішімді
автоматты түрде таңдайды. Таңдалған параметрге
қарамастан Auto (Авто) бейнефильмді жазу жəне қарау үшін
пайдаланылады.
Device control (Құрылғыны басқару)
Егер фотокамера HDMI-CEC қолдауы бар теледидарға
жалғанып, фотокамера мен теледидар қосулы кезде
баптау мəзіріндегі HDMI > Device control (Құрылғыны
басқару) үшін On (Қосулы) таңдалса, оң жақтағы
дисплей теледидарда көрсетіледі жəне толық өлшемде
қарау жəне слайд көрсетілімдері кезінде теледидардың
қашықтан басқару пультін фотокамераның мульти селекторының жəне J
түймешігінің орнына пайдалануға болады. Егер Off (Өшірулі) таңдалған болса,
теледидардың қашықтан басқару пультін фотокамераны басқару үшін пайдалану
мүмкін емес.
A HDMI-CEC құрылғылары
Фотокамера HDMI-CEC құрылғысына жалғанған кезде қалған кадрлар санының орнына
көріністапқышта ) көрсетіледі.
A Құрылғыны басқару
Мəлімет алу үшін теледидардың нұсқаулығын қараңыз.
A HDMI жəне тікелей көрініс
HDMI кабелі арқылы жалғанған HDMI дисплейлерін тікелей көрініс жəне бейнефильмді
жазу үшін пайдалануға болады (0 86, 90). Бейнефильмді жазу жəне қарау кезінде HDMI
шығысы суретке түсіру мəзіріндегі Movie settings (Бейнефильм баптаулары) > Frame
size/frame rate (Кадр өлшемі/бейнефильм түсіру кезіндегі кадр жылдамдығы) үшін
таңдалған параметрге қарай реттеледі (0 90). Кейбір құрылғылардың таңдалған баптауға
қолдау көрсетпеуі мүмкін екенін
ескеріңіз; бұл жағдайда HDMI > Output resolution (Шығыс
ажыратымдылығы) үшін 1 080i (interlaced) (1 080i (айқастырылған)) таңдаңыз (0 124).
Бейнефильмдер Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) (0 90)
параметрінде таңдалған кадр өлшемінен кіші өлшемде шығарылуы мүмкін.