Анықтамалық нұсқаулық

130
i
Кең бұрышты объективтер арқылы түсірілген
фотосуреттердегі бөшке іспеттес бұрмалануды азайту жəне
ұзын объективтер арқылы түсірілген фотосуреттердегі жастық
іспетті бұрмалануды азайту үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз
(көріністапқышта көрініп тұратын аумақ шеттерінің ақырғы
фотосуретте кесілген күйде болу жəне жазудан бұрын
фотосуреттерді өңдеуге қажетті уақыттың көбеюі мүмкін екенін
ескеріңіз). Бұл параметр бейнефильмдерге қолданылмайды
жəне G жəне D
түріндегі объективтерде ғана қол жетімді (компьютер, балық көзі түріндегі объектив
жəне кейбір қосылмаған басқа объективтер); басқа объективтерді пайдаланған
кезде нəтиженің жақсы болатынына кепілдік берілмейді.
Түс кеңістігі түсті көрсетуге арналған түс гаммасын анықтайды.
Басып шығарылатын немесе «қалпында» еш өзгеріссіз
пайдаланылатын фотосуреттер үшін sRGB таңдаңыз. Adobe
RGB кеңірек түс гаммасы бар
жəне фотокамерадан шыққаннан
кейін кеңірек өңделетін кескіндер үшін ұсынылады.
Auto Distortion Control
(Бұрмалануды автоматты
басқару)
G түймешігі C суретке түсіру
мəзірі
A Өңдеу: Бұрмалануды басқару
Бөшке іспеттес бұрмалануды жəне жастық іспетті бұрмалануды азайтып бар
фотосуреттердің көшірмелерін жасу туралы ақпарат алу үшін 159 бетін қараңыз.
Color Space (Түс кеңістігі)
G түймешігі C суретке түсіру
мəзірі
A Түс кеңістігі
Түс кеңістіктері сандық кескін файлында түстер мен сандық мəндерді білдіретін түстер мен
сандық мəндер арасындағы сəйкестікті айқындайды. sRGB түс кеңістігі кең
пайдаланылады, ал Adobe RGB түс кеңістігі əдетте баспада жəне коммерциялық басып
шығаруда пайдаланылады. sRGB өзгеріссіз басып шығарылатын немесе түстерді
басқаруға қолдау көрсетпейтін бағдарламаларда қаралатын фотосуреттерді түсірген кезде
немесе кейбір тұрмыстық принтерлердегі тікелей
басып шығару мүмкіндігі болып
табылатын ExifPrint арқылы немесе компьютерде басып шығару немесе басқа
коммерциялық басып шығару қызметтерінде басып шығарылатын фотосуреттер түсірген
кезде кеңес етіледі. Adobe RGB фотосуреттерін əрі осы параметрлер арқылы басып
шығаруға болады, бірақ түстер ондай жарқын болмайды.
Adobe RGB түс кеңістігінде түсірілген JPEG пішіміндегі фотосуреттер DCF стандартымен
үйлесімді келеді; DCF стандартына қолдау көрсететін бағдарламалар мен принтерлер
қажетті түс кеңістігін автоматты түрде таңдайды. Егер бағдарлама немесе құрылғы DCF
стандартына қолдау көрсетпесе, тиісті түс кеңістігін қолмен таңдаңыз. Қосымша ақпарат
алу үшін бағдарлама немесе құрылғымен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.
A Nikon бағдарламалық жасақтамасы
ViewNX 2 (бірге жеткізілген) жəне Capture NX 2 (бөлек сатылады) бағдарламалық
жасақтамалары осы фотокамера арқылы жасалған фотосуреттерді ашқан кезде дұрыс түс
кеңістігін автоматты түрде таңдайды.