Анықтамалық нұсқаулық
132
i
Кірістірілген жарқылға арналған жарқыл режимін P, S, A жəне M режимдерінің
арасынан таңдаңыз.
Flash Cntrl for Built-in Flash
(Кірістірілген жарқылға арналған
жарқылды басқару мүмкіндігі)
G түймешігі ➜ C суретке түсіру
мəзірі
Режим Сипаттамасы
1 TTL Жарқылдың жарық қуаты сурет түсіру жағдайларына қарай өздігінен өзгереді.
2
Manual
(Қол
режимі)
Full (Толық) жəне 1/32 (толық қуаттың
1
/32) арасындағы
жарқыл деңгейін таңдаңыз. Қуаты толық кезде,
кірістірілген жарқылдың 13 тең жетекші саны болады
(м, ISO 100, 20 °C).
A Қол режимі
Manual (Қол режимі) таңдалған жəне жарқыл көтерілген кезде
көріністапқышта жəне ақпараттық дисплейде Y белгішесі
жыпылықтайды.
A SB-400 жарқыл бөлігі
Қосымша SB-400 жарқыл бөлігі орнатылған жəне қосылған кезде,
Flash cntrl for built-in flash (Кірістірілген жарқылға арналған
жарқылды басқару мүмкіндігі) режимі Optional flash (Қосымша
жарқыл) дегенге өзгереді, бұл SB-400 арналған жарқылды басқару
режимін TTL жəне Manual (Қол режимі) арасынан таңдауға
мүмкіндік береді.
A Жарқылды басқару
Кірістірілген микропроцессоры бар объектив кірістірілген жарқыл (0 47) немесе қосымша
жарқыл бөліктерімен (0 172) бірге қолданылған кезде жарқылды басқару мүмкіндіктерінің
келесі түрлеріне қолдау көрсетіледі.
• Сандық бір объективті, айналы фотокамераға арналған i-TTL балансталған
толықтырғыш жарқыл: 420-нүктелі RGB сенсор мəліметі негізгі нысан мен артқы фон
арасындағы табиғи баланс үшін жарқыл қуатын реттеу үшін пайдаланылады.
•
Сандық бір объективті, айналы фотокамераға арналған стандартты i-TTL
толықтырғыш жарқыл: Негізгі нысанға арналған жарқыл қуаты өзгереді; артқы фонның
жарықтығы ескерілмейді. Негізгі нысанға артқы нəрселерге қарағанда көбірек мəн берілуі
тиіс суреттер үшін немесе экспозицияны түзету мүмкіндігі пайдаланылған кезде
ұсынылады.
Стандартты i-TTL жарқылды басқару тетігі нүктелі экспоөлшегішпен бірге немесе қосымша
жарқыл бөлігімен бірге таңдалған кезде
қолданылады. Барлық басқа жағдайларда сандық
бір объективті, айналы фотокамераға арналған i-TTL балансталған толықтырғы жарқыл
қолданылады.