Анықтамалық нұсқаулық
xiii
Көшіруге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен сандық тұрғыдан көшірілген
немесе көбейтілген маериалға иелік етудің өзі заң тарапынан қудалануы мүмкіндігін ескеріңіз.
• Заң бойынша көшіруге немесе көбейтуге
тыйым салынған нəрселер
«Үлгі» деген таңбасы болғанның өзінде
қағаз ақшаның, тиындардың, құнды
қағаздардың, үкіметтік құнды қағазардың
немесе жергілікті
үкіметтің құнды
қағаздарының көшірмесін немесе
көбейтілген нұсқаларын жасамаңы.
Шет елдің айналымында жүрген қағаз
ақшаны, тиындарды немесе құнды
қағаздарды көшіруге немесе көбейтуге
тыйым салынады.
Үкіметтің алдын-ала рұқсаты
алынбайынша, үкімет тарапынан
шығарылып, бірақ пайдаланылмаған пошта
маркалаын немесе ашық хаттарды
көшіруге немесе көбейтуге тыйым
салынады.
Үкімет шығарған маркаларды жəне заңда
қарастырылған куəландырылған
құжаттарды көшіруге немесе көбейтуге
тыйым салынады.
• Кейбір көшірмелер жəне көбейтілген
нұсқаларға қатысты сақтық ескертулері
Компания тарапынан іскерлік мақсатта
қажетті көшірмелердің шектеулі саны қажет
болған кезден басқа жағдайларда, үкімет
жеке компаниялар тарапынан шығарылған
құнды қағаздардың (акциялар,
банкноталар, чектер, сыйлық
сертификаттар жəне т.б.), жол жүру
билеттерінің немесе купондық билеттердің
көшірмелеріне немесе көбейтілген
нұсқаларына қатысты сақ болу керектігі
туралы ескертулерді таратты. Бұған қоса,
үкімет тарапынан шығарылған
паспорттардың, мемлекеттік органдар жəне
жеке топтар шығарған лицензиялардың,
жеке бас куəліктерінің жəне рұқсатнамалар
жəне тамақ купондары сияқты билеттердің
көшірмелерін немесе көбейтілген
нұсқаларын жасамаңыз.
• Авторлық құқыққа қатысты
ескертулерді ескеріңіз
Кітаптар, əуен, картиналар, ағаштағы
оюлар, баспалар, карталар, сызбалар,
бейнефильмдер
жəне фотосуреттер
сияқты авторлық құқығы сақталған
шығармашылық жұмыс нəтижелерін көшіру
немесе көбейту ұлттық жəне халықаралық
авторлық құқық заңдарымен басқарылады.
Бұл өнімді заңсыз көшірмелерді жасау
немесе авторлық құқық заңдарын бұзу
мақсатында пайдаланбаңыз.
Деректерді сақтау құрылғыларын лақтыру
Кескіндерді өшіру немесе жад карталарын немесе өзге де деректерді сақтау құрылғыларын
пішімдеу бастапқы ескін мəліметін толық өшірмейтінін ескеріңіз.
Өшірілген файлдарды кейде
еркін сатылымдағы бағдарламалар көмегімен лақтырылған сақтау құрылғыларынан шығарып
алуға болады, бұл жеке суреттерді арам пиғылда пайдалануға əкелуі мүмкін.
Мұндай
деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету қолданушының өз жауапкершілігі болып табылады.
Деректерді сақтау құрылғысын лақтырудан немесе меншік құқығын басқа адамға аударудан
бұрын, еркін сатылыдағы бағдарлама көмегімен барлық деректерді өшіріңіз немесе
құрылғыны пішімдеңіз жəне содан кейін ешқанай жеке мəліметті қамтымайтын суреттермен
(мысалы, ашық аспан суреттері) толтырыңыз.
Алдын ала қолмен қойылған ақ түс балансы
үшін таңдалған суреттерді де ауыстыруды ұмытпаңыз (0 72).
Деректерді сақтау
құрылғыларын физикалық тұрғыдан жойған кезде жарақат алып қалмау үшін сақ болу қажет.
AVC Patent Portfolio лицензиясы
БҰЛ ӨНІМ AVC PATENT PORTFOLIO ЛИЦЕНЗИЯСЫ АЯСЫНДА (i) БЕЙНЕ ФАЙЛДЫ AVC СТАНДАРТЫНА САЙ
(«AVC
БЕЙНЕ») КОДТАУ ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ (ii) ЖЕКЕ ЖƏНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ƏРЕКЕТПЕН
АЙНАЛЫСҚАН ТҰТЫНУШЫ ТАРАПЫНАН КОДТАЛҒАН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ AVC БЕЙНЕ ФАЙЛЫН ҰСЫНУ
ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ИЕ БЕЙНЕ ФАЙЛ ПРОВАЙДЕРІНЕН АЛЫНҒАН AVC БЕЙНЕ ФАЙЛЫН ДЕКОДТАУ ҮШІН
ТҰТЫНУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖƏНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС МАҚСАТТА ҚОЛДАНУЫНА АРНАЛҒАН.
БҰЛ ЛИЦЕНЗИЯ
БАСҚА БІР МАҚСАТТА ҚОЛДАНУ ҮШІН БЕРІЛМЕЙДІ ЖƏНЕ ОНДАЙ ҚОЛДАНЫС МҮМКІНДІГІН
ҚАРАСТЫРМАЙДЫ. ҚОСЫМША МƏЛІМЕТТІ MPEG LA, L.L.C. КОМПАНИЯСЫНАН АЛУҒА БОЛАДЫ. КЕЛЕСІ
САЙТТЫ ҚАРАҢЫЗ http://www.mpegla.com