Анықтамалық нұсқаулық

142
g
Фотокамераның қолмен реттелетін фокус режимінде дұрыс фокусталуын анықтау
үшін экспозиция индикаторын пайдалану үшін On (Қосулы) таңдаңыз (0 42;
экспозиция индикаторы нысанның дұрыс ұсталғанын көрсеткен кезде бұл
функцияның M суретке түсіру режимінде қол жетімді болмайтынын ескеріңіз).
Фотосурет түсірілген кезде, фотокамера файл атын соңғы файл нөміріне бір сан
қосу арқылы жасайды. Бұл параметр жаңа
қалта жасалған, жад картасы
пішімделген немесе жаңа жад картасы фотокамераға салынған кезде файл
нөмірінің соңғы қолданылған саннан бастап жалғасатынын басқарады.
Rangefinder (Қашықтықты
өлшегіш)
G түймешігі B баптау мəзірі
Индикатор Сипаттамасы Индикатор Сипаттамасы
Фотокамера фокус
ішінде.
Фокустау нүктесі
нысанның сəл ғана
артында орналасқан.
Фокустау нүктесі
нысанның сəл ғана
алдында орналасқан.
Фокустау нүктесі
нысанның артында
орналасқан.
Фокустау нүктесі
нысанның алдында
орналасқан.
Фотокамера дұрыс
фокусты анықтай
алмайды.
A Электрондық қашықтықты өлшегішті пайдалану
Электрондық қашықтықты өлшегіш апертурасы ең көп f/5.6 немесе жылдамырақ объективті
талап етеді. Фотокамера автофокус арқылы фокустай алмаған жағдайларда қажетті
нəтижелерге қол жеткізу мүмкін емес (0 36). Электрондық қашықтықты өлшегіш тікелей
көрініс кезінде қол жетімді емес.
File Number Sequence (Файл
нөмірінің реті)
G түймешігі B баптау мəзірі
Режим Сипаттамасы
On
(Қосулы)
Жаңа қалта жасалған, жад картасы пішімделген немесе жаңа жад картасы
фотокамераға салынған кезде, соңғы қолданылған нөмірдің немесе
ағымдағы қалтадағы ең үлкен файл нөмірінің қайсысы үлкен болса, файл
нөмірі содн бастап жалғасады. Егер сурет ағымдағы қалтада 9999 нөмірлі
фотосурет бар кезде түсірілсе, автоматты түрде жаңа қалта жасалады
жəне файл нөмірі
қайтадан 0001-ден басталады.
Off
(Өшірулі)
Жаңа қалта жасалған, жад картасы пішімделген немесе жаңа жад картасы
фотокамераға салынған кезде, файл нөмірі 0001-ге тең бастапқы қалпына
келеді. Сурет ағымдағы қалтада 999 сурет бар кезде түсірілсе, жаңа
қалтаның өздігінен жасалатынын ескеріңіз.
K
Reset
(Бастапқы
қалпына
келтіру)
On (Қосулы) үшін файл нөмірлеуін 0001 дейін қалпына келтіреді жəне
келесі фотосурет түсірілетін жаңа қалта жасайды.