Анықтамалық нұсқаулық

xiv
Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтарын ғана қолданыңыз
Nikon фотокамералары ең жоғарғы стандарттарға сай жасалған жəне күрделі электрондық
схемаларды қамтиды. Осы Nikon сандық фотокамерасында ғана пайдалану үшін Nikon
тарапынан сертификатталған Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтары (зарядтау
құрылғыларын, батареяларды, айнымалы ток адаптерлерін жəне флештік керек-жарақтарды
қосқанда) ғана осы электрондық схемалардың қызметтік жəне қауіпсіздік талаптары
шеңберінде жұмыс жасайтындығы расталған жəне сол үшін жасалған.
Nikon сауда белгісіне жатпайтын электрондық керек-жарақтарды пайдалану
фотокамераны зақымдауы жəне Nikon кепілдігін жоюы мүмкін.
Оң жақта
көрсетілген Nikon компаниясының голографиялық жапсырмасы жоқ үшінші
тараптың қайта зарядталмалы литий-ионды батареяларын пайдалану
фотокамераның қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіруі жəне батареяның шамадан тыс
қызуына, жанып кетуіне, жарылуына немесе ағуына əкелуі мүмкін.
Nikon сауда белгісінің керек-жарақтарына қатысты қосымша мəлімет алу үшін Nikon
компаниясының жергілікті өкілетті сатушысына хабарласыңыз.
D Тек Nikon компаниясының шынайы керек-жарақтарын пайдаланыңыз
Nikon тарапынан Nikon сандық фотокамерасында пайдалану үшін сертификатталған Nikon
компаниясының зауыттық үлгіге сай керек-жарақтары ғана оның жұмыстық параметрлеріне
жəне қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Ө
ЗГЕ КОМПАНИЯЛАР ШЫҒАРҒАН КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ ФОТОКАМЕРАНЫ ЗАҚЫМДАУЫ ЖƏНЕ NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН ТОҚТАТУЫ
МҮМКІН.
D Фотокамера мен керек-жарақтарына техникалық қызмет көрсету
Фотокамера дəлдікпен жасайтын құрылғы болып табылады жəне жүйелі тексерісті қажет
етеді. Nikon компаниясы фотокамераны ресми өкілге немесе Nikon компаниясының ресми
қызмет көрсету орталығына бір-екі жыл сайын тексертуге жəне əр үш-бес жыл сайын
техникалық қызмет көрсету үшін апаруға кеңес береді (бұл қызметтердің ақылы екенін
ескеріңіз).
Фотокамераны кəсіби мақсатта пайдалансаңыз, жиі тексертіп жəне қаратып
тұрған жөн. Фотокамерада жиі қолданылатын объективтер немесе қосымша жарқыл
бөліктері сияқты керек-жарақтарды фотокамераны тексертуге немесе техникалық қызмет
алуға апарғанда бірге апару қажет.
A Маңызды суреттерді түсіруден бұрын
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе фотокамераны сапарға
алудан бұрын) суреттерді түсіруден бұрын, фотокамера дұрыс жұмыс жасап тұрғанына көз
жеткізу үшін суретті сынақ ретінде түсіріп өріңіз.
Nikon компаниясы өнімнің дұрыс
істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап бермейді.
A Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету жəне үйренуге бағытталған «өмір бойы білім
алу» ұстанымы аясында, үнемі жаңартылып тұратын мəліметті онлайн режимде келесі
сайттардан алуға болады:
АҚШ-тағы қолданушылар үшін.: http://www.nikonusa.com/
Еуропа жəне Африкадағы қолданушылар үшін: http://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания жəне Таяу Шығыстағы қолданушылар үшін: http://www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең
соңғы мəліметті, кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) берілген
жауаптарды жəне сандық кескіндерге жəне фотосурет түсіруге қатысты жалпы кеңес алып
отыру үшін мына сайттарға кіріңіз. Қосымша ақпаратты аумақтағы Nikon өкілінен алуға
болады. Байланыс ақпаратын алу үшін келесі URL қараңыз: http://imaging.nikon.com/