Анықтамалық нұсқаулық
147
g
Бұл элемент қосымша GP-1 GPS құрылғыларының баптауларын реттеу үшін
пайдаланылады. GP-1 құрылғысын бірге жеткізілген кабель арқылы
фотокамераның қосымша керек-жарақ жалғағышына (0 177) жалғауға болады,
сондай-ақ, фотосуреттер түсірілген кезде фотокамераның ағымдағы күйі туралы
мəлімет жазылады (GP-1 құрылғысын жалғау алдында фотокамераны өшіріңіз;
қосымша ақпарат алу үшін GP-1 нұсқаулығын қараңыз).
GPS мəзірінде төменде көрсетілген параметрлер бар.
• Standby timer (Күту режимінің таймері): GP-1 жалғанған кезде
экспонометрлердің өздігінен өшуі қажеттігін немесе қажет еместігін таңдаңыз.
•Position: Бұл элемент GP-1 жалғанған кезде ғана шығады, ол GP-1 беретін
ағымдағы ендікті, бойлықты, биіктікті жəне реттелген əмбебап уақытты көрсетеді.
• Use GPS to set camera clock (Фотокамера сағатын орнату үшін GPS
мүмкіндігін пайдаланыңыз): Фотокамера сағатын GPS құрылғы көрсетіп тұрған
уақытпен үндестіру үшін Yes (Иə) таңдаңыз.
GPS
G түймешігі ➜ B баптау мəзірі
Режим Сипаттамасы
Enable
(Қосу)
Егер баптау мəзіріндегі Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) >
Standby timer (Күту режимінің таймері) үшін таңдалған уақыт ішінде ешбір
əрекет орындалмаса, экспозиция өлшегіштері автоматты түрде өшіріледі
(0 140; фотокамераға GPS деректерін алу үшін уақыт беру үшін, экспозиция
өлшегіштері іске қосылғаннан кейін немесе фотокамера қосылғаннан кейін
кешіктіру бір минутқа дейін ұзартылады). Бұл батарея
қуатының тұтынылуын
азайтады.
Disable
(Ажырату)
GP-1 жалғанған кезде экспонометрлер өшпейді.
A Реттелген əмбебап уақыт (UTC)
UTC мəліметі GPS құрылғы арқылы беріледі жəне фотокамера сағатына бағынбайды.
A h белгішесі
Байланыс күйі h белгішесімен көрсетіледі:
• h (тұрақты): Фотокамера GP-1 құрылғысымен байланыс
орнатты. Осы белгіше көрсетілген кезде түсірілген суреттер үшін
фотосурет туралы мəліметте GPS деректерінің қосымша беті
болады (0 101).
• h (жыпылықтау): GP-1 сигналды іздеуде. Белгіше жыпылықтап
тұрғанда түсірілген суреттерде GPS мəлімет болмайды.
• Белгіше жоқ: Кем дегенде, екі секунд бойы GP-1 құрылғысынан
ешбір жаңа
GPS мəліметі алынбады. h белгішесі көрінбей тұрғанда түсірілген
суреттерде GPS мəліметі болмайды.