Анықтамалық нұсқаулық
148
g
Бұл параметрді фотокамераға Eye-Fi жад картасы (үшінші тарап өндірушілерінен
бөлек алынады) салынған болса ғана пайдалануға болады. Фотосуреттерді алдын-
ала таңдалған орынға жүктеу үшін Enable (Қосу) дегенді таңдаңыз. Сигнал күші
жеткіліксіз болса, суреттердің жүктелмейтінін ескеріңіз.
Сымсыз құрылғыларға қатысты барлық жергілікті заңдарды сақтаңыз жəне сымсыз
құрылғыларды пайдалану тыйым салынған жерлерде Disable (Ажырату) пəрменін
таңдаңыз.
Eye-Fi картасы салынған кезде, оның күйі ақпараттық
дисплейдегі белгіше арқылы беріледі:
• 6: Eye-Fi жүктеу мүмкіндігі ажыратылған.
• 7: Eye-Fi жүктеу мүмкіндігі қосылған, бірақ жүктеуге болатын
суреттер жоқ.
• 8 (тұрақты): Eye-Fi жүктеу мүмкіндігі қосылған; жүктеудің
басталуы күтілуде.
• 8 (жыпылықтау): Eye-Fi жүктеу мүмкіндігі қосылған; деректер жүктелуде.
• !: Қате.
Ағымдағы камера бағдарламасының нұсқасын қараңыз.
Eye-Fi Upload (Eye-Fi
картасына жүктеу)
G түймешігі ➜ B баптау мəзірі
D Eye-Fi карталары
Disable (Ажырату) қосылған кезде Eye-Fi карталары сымсыз сигналдар беруі мүмкін. Егер
мониторда ескерту көрсетілсе (0 194), фотокамераны өшіріп, картаны алып тастаңыз.
Eye-Fi картасымен бірге берілген нұсқаулықты қарап, сұрауларыңызды өндірушіге
жіберіңіз. Фотокамераны Eye-Fi карталарын қосу жəне өшіру үшін пайдалануға болады,
бірақ ол басқа Eye-Fi функцияларына қолау көрсетпеуі мүмкін.
A Қолдауға ие Eye-Fi карталары
2011 жылғы желтоқсан айынан бастап, фотокамера 8 Гбайт SDHC Pro X2 Eye-Fi
карталарына қолдау көрсетеді. Кейбір карталар кейбір елдерде немесе аймақтарда қол
жетімді болмауы мүмкін; қосымша ақпарат алу үшін өндірушіге хабарласыңыз. Eye-Fi
карталары тек сатып алған елде пайдалануға арналған. Eye-Fi картасының бағдарламалық
жасақтамасы соңғы нұсқасына жаңартылғанына көз жеткізіңіз.
A Eye-Fi карталарын нүкте-нүкте байланысы режимінде пайдалану
Нүкте-нүкте байланысы режиміне қолдау көрсететін Eye-Fi карталарын жалғаған кезде
қосымша уақыт қажет болуы мүмкін. Баптау мəзіріндегі Auto off timers (Автоматты өшу
таймерлері) > Standby timer (Күту режимінің таймері) үшін ұзындау мəндерді таңдаңыз
(0 140).
Firmware Version (Бағдарлама
нұсқасы)
G түймешігі ➜ B баптау мəзірі