Анықтамалық нұсқаулық
156
u
3 Екінші суретті таңдаңыз.
Таңдалған кескін Image 1 (1-кескін) ретінде пайда болады. Image 2 (2-кескін)
белгілеп, J басыңыз жəне 2-қадамда сипатталғандай екінші фотосуретті
таңдаңыз.
4 Күшейтуді реттеңіз.
Image 1 (1-кескін) немесе Image 2 (2-кескін)
белгілеңіз жəне 0,1 жəне 2,0 арасындағы
мəндерден күшеюді таңдау үшін 1 немесе 3
басып үстіне қабаттау экспозициясын
оңтайландырыңыз. Екінші кескін үшін
қайталаңыз. Əдепкі мəн 1,0 болып табылады; күшеюді екіге бөлу үшін 0,5
немесе екі есеге көбейту үшін 2,0 таңдаңыз. Күшею əсерлері Preview
(Алдын-ала қарау) бағанында көрінеді.
5 Қабаттаса қойылған суретті алдын-ала
қараңыз.
Меңзерді Preview (Алдын-ала қарау) бағанына
қою үшін 4 немесе 2 басыңыз жəне Overlay
(Үстіне қабаттау) белгілеу үшін 1 немесе 3
таңдаңыз. Оң жақта көрсетілгендей үстіне
қабаттауды алдын-ала қарау үшін J басыңыз (алдын-ала қарауды көрсетпей
үстіне қабаттауды сақтау үшін Save (Сақтау) таңдаңыз). 4-қадамға оралып,
жаңа фотосуреттерді таңдау немесе күшеюді реттеу үшін W (Q) басыңыз.
6 Үстіне қабаттауды сақтаңыз.
Қабаттаса қойылған суретті сақтау үшін алдын-
ала қарау мүмкіндігін көрініп тұрғанда J
басыңыз. Қабаттаса қойылған сурет
жасалғаннан кейін, нəтижесінде пайда болатын
сурет мониторда толық өлшемде көрінеді.
D Суреттердің қабаттаса қойылуы
Үстіне қабаттаудың фотосурет туралы мəліметі (соның ішінде жазылған күні, өлшеу,
ысырма жылдамдығы, апертура, суретке түсіру режимі, экспозиция түзетілімі, фокустық
қашықтық жəне кескін бағыты) жəне ақ түс балансы мен Picture Control мəндері Image 1 (1-
кескін) үшін таңдалған фотосуретпен бірдей.