Анықтамалық нұсқаулық
161
u
Ұзын нысанның негізінен түсірілген перспектива əсерлерін
азайтатын көшірмелер жасаңыз. Перспективаны реттеу үшін
мульти селекторды пайдаланыңыз (перспективаны
басқарудың үлкен мөлшерлері сурет шеттерінің көбірек
кесілуіне əкелетінін ескеріңіз). Нəтижелерді өңдеу дисплейінде
алдын-ала қарауға болады. Фотосуретті көшіру үшін J
басыңыз немесе көшірме жасамай қарау режиміне өту үшін K
басыңыз.
Perspective Control
(Перспективаны басқару)
G түймешігі ➜ N өңдеу мəзірі
Дейін Кейін