Анықтамалық нұсқаулық
176
n
Басқа керек-жарақтар
Жазылу уақытында мына керек-жарақтар D3200 үшін қол жетімді болған.
Қуат көздері
• EN-EL14 қайта зарядталмалы литий-ионды батареясы (0 12–13):
қосымша EN-EL14 батареялары жергілікті сауда орындарында жəне
Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілдерінде сатылады. EN-EL14a
батареяларын да пайдалануға болады.
• Зарядтау құрылғысы MH-24 (0 12): EN-EL14a жəне EN-EL14
батареяларын зарядатңыз.
• Қуат жалғағышы EP-5A, Айнымалы ток адаптері EH-5b: Бұл керек-
жарақтарды фотокамераны ұзақ уақыт бойы қосу үшін пайдаланылады
(EH-5a жəне EH-5 айнымалы ток адаптерлерін
де пайдалануға болады).
EP-5A қуат жалғағышы фотокамераны EH-5b, EH-5a немесе EH-5 жалғау
үшін қажет; мəліметтерді 178 бетінде қараңыз.
Сүзгілер
• Арнайы əсерлер көмегімен сурет түсіруге мүмкіндік беретін сүзгілер
автофокустау əрекетіне немесе электронды қашықтықты өлшеу
құралының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
• D3200 сызықтық поляризациялау сүзгілерімен пайдалану мүмкін емес.
Орнына C-PL немесе C-PL II дөңгелек поляризациялық сүзгілерін
пайдаланыңыз.
• Объективті қорғау үшін NC сүзгілерін пайдаланған дұрыс.
• Суреттің қосарлануына жол бермеу үшін нысан жақтауға қатты жарық
астында алынған
кезде немесе жақтау ішінде қатты жарық көзі бар кезде,
сүзгі пайдаланбаған жөн.
• Ортасы бойынша өлшеуді экспозицияның өзгеру еселігі (сүзгі еселігі) 1 ×
(Y44, Y48, Y52, O56, R60, X0, X1, C-PL, ND2S, ND4, ND4S, ND8, ND8S,
ND400, A2, A12, B2, B8, B12) асатын сүзгілермен пайдалануға кеңес
етіледі. Мəліметтерді сүзгі нұсқаулығында қараңыз.
Көріністапқыш
окулярының
керек-
жарақтары
• DK-20C окулярды түзету линзалары: Фотокамераның диоптрияны
реттеу тетігі бейтарап күйде (–1 м
–1
) болған кезде объективтер –5, –4,
–3, –2, 0, +0,5, +1, +2 жəне +3 м
–1
диоптриялармен қол жетімді болады.
Окулярды түзету линзаларын кірістірілген диоптрияны реттеу тетігімен
қажетті фокусқа қол жеткізу мүмкін болмағанда ғана (–1,7 жəне +0,5 м
–1
аралығында) пайдаланыңыз. Қажетті фокусқа қол жеткізу үшін сатып алу
алдында окулярды түзету линзаларын тексеріп алыңыз. Резеңке көзүсті
қалқанын окулярды түзету линзаларымен пайдалану мүмкін емес.
•DG-2 ұлғайтқышы: DG-2 фокустау кезінде жоғары дəлдікті қамтамасыз
ету үшін көріністапқыштың ортасында көрсетілген көрінісі ұлғайтады.
Окуляр адаптері қажет (қолданылады).
• DK-22 окуляр адаптері: DK-22 окуляр адаптері DG-2 ұлғайтқышы
орнатылған кезде қолданылады.
• DR-6 тік бұрышпен қарау бөлігі: DR-6 бөлігі көріністапқыштың
окулярына тік бұрышпен орнатылады, бұл көріністапқыштағы суретті
объективтеге қарағанда тік бұрышпен қарауға мүмкіндік береді (мысалы,
фотокамера көлденең күйде болғанда дəл үстінен қарау үшін).
Бағдарлама
Capture NX 2: Ақ түс теңгерімін өзгерту жəне түсті басқару нүктелері сияқты
мүмкіндіктерді ұсынатын толық, фотосуретті өңдеу жинағы.
Ескертпе: Nikon бағдарламалық жасақтамасының соңғы нұсқаларын
пайдаланыңыз. Nikon бағдарламалық жасақтамаларының көбісі компьютер
Интернетке қосылған кезде автоматты жаңарту мүмкіндгін ұсынады.
Қолдау көрсетілетін амалдық жүйелер туралы соңғы ақпарат алу үшін xiv
бетінде көрсетілген веб-тораптарды қараңыз.