Анықтамалық нұсқаулық

178
n
Қуат жалғағышын жəне айнымалы ток
адаптерін жалғау
Қосымша қуат жалғағышы мен айнымалы ток адаптерін жалғаудан бұрын
фотокамераны өшіріңіз.
1 Камераны дайындаңыз.
Батарея бөлімінің (q) жəне қуат жалғағышының (w)
қақпақтарын ашыңыз.
2 EP-5A қуат жалғағышын салыңыз.
Қызғылт сары батарея ілмегін бір жағына басулы ұстау
үшін жалғағыш арқылы көрсетілген бағытта жалғағышты
салуды ұмытпаңыз. Жалғағыш толық салынған кезде
ілмек жалғағышты орнына құлыптайды.
3 Батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз.
Қуат жалєаєышыныѕ кабелін қуат жалғағышының
ұяшығы арқылы өтетіндей етіп қойыңыз жəне батарея
бөлімінің қақпағын жабыңыз.
4 Айнымалы ток адаптерін жалғаңыз.
Айнымалы ток адаптерінің қуат кабелін айнымалы ток адаптеріндегі
айнымалы ток ұяшығына (e) жəне EP-5A қуат кабелін тұрақты ток ұяшығына
(r) жалғаңыз. Фотокамера айнымалы ток адаптерімен жəне қуат
жалғағышымен қосылған кезде P белгішесі мониторда көрсетіледі.
r
e