Анықтамалық нұсқаулық
179
n
Фотокамераға күтім жасау
Сақтау
Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде батареяны алып тастап, оны
түйіспе тұс қақпағымен салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Өңезді немесе зеңді
болдырмау үшін фотокамераны құрғақ, желдетілетін жерде сақтаңыз.
Фотокамераны лигроин немесе камфара нафталин дөңгелектерімен немесе мына
орындарда сақтамаңыз:
• дұрыс желдетілмейтін немесе ылғалдылығы 60% астам жерлерде
• теледидар немесе радио сияқты қатты электромагнитті өрістер шығаратын
жабдықтың маңайында
• температурасы 50 °C жоғары немесе –10 °C төмен
Тазалау
Алкогольды, сұйылтқышты немесе өзге де ұшқыш химиялық заттарды
пайдаланбаңыз.
Фотокамера
корпусы
Тозаңды жəне мамықты алып тастау үшін ауа үргішті пайдаланып,
жұмсақ, құрғақ шүберекпен ақырын сүртіп алыңыз. Фотокамераны
жағажайда немесе теңіз жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе
тұз түйіршіктерін аздап тзартылған сумен ылғалданған шүберекпен
ақырын сүртіп, құрғатыңыз. Маңызды: Фотокамера ішіндегі шаң-тозаң
немесе өзге де бөгде нəрселер кепілдік аясына кірмейтін зақымға
əкелуі
мүмкін.
Объектив, айна
жəне
көріністапқыш
Мына əйнектен жасалған нəрселер тез зақымдалады. Тозаң мен ұлпаны
ауа үргішпен кетіріңіз. Аэрозольды үргішті пайдалансаңыз, сұйықтықтың
төгілмеуі үшін құтыны тік күйде ұстаңыз. Саусақ іздері мен басқа
дақтарды кетіру үшін жұмсақ шүберекке объективті тазалайтын
сұйықтықтың аз ғана мөлшерін құйып, ақырын тазалаңыз.
Монитор
Тозаң мен ұлпаны ауа үргішпен кетіріңіз. Саусақ іздері мен басқа
дақтарды кетірген кезде, сыртқы қабатын жұмсақ шүберекпен немесе
былғары терімен қырын сүртіңіз. Қатты күш салмаңыз, себебі бұл
зақымға немесе ақауға əкелуі мүмкін.
D Фотокамера мен керек-жарақтарына техникалық қызмет көрсету
Фотокамера дəлдікпен істейтін құрылғы болып табылады жəне жүйелі тексерісті қажет
етеді. Nikon компаниясы фотокамераны сатып алған жерге немесе Nikon компаниясының
қызмет көрсету өкіліне бір-екі жыл айын тексертуге жəне əр үш-бес жыл сайын техникалық
қызмет көрсету үшін апаруға кеңес береді (бұл қызметтердің ақылы екенін ескеріңіз).
Фотокамераны кəсіби мақсатта пайдалансаңыз, жиі тексертіп жəне қаратып тұрған жөн.
Фотокамерада жиі қолданылатын объективтер немесе қосымша жарқыл бөліктері сияқты
керек-жарақтарды фотокамераны тексертуге немесе техникалық қызмет алуға апарғанда
бірге апару қажет.