Анықтамалық нұсқаулық

182
n
❚❚ Қолмен тазалау
Егер бөгде нəрсені төменгі жиіліктер сүзгісінен баптау мəзіріндегі Clean image
sensor (Кескін сенсорын тазалау) параметрі арқылы кетіру мүмкін болмаса
(0 180), сүзгіні төменде сипатталғандай қолмен тазалауға болады. Дегенмен,
сүзгінің тым нəзік екенін жəне оңай зақымдалатынын ескеріңіз. Nikon компаниясы
сүзгіні Nikon компаниясының қызмет көрсету маманына тазарттыруды ұсынады.
1 Батареяны зарядтаңыз немесе айнымалы ток адаптерін
жалғаңыз.
Төменгі жиіліктер сүзгісін тексерген немесе тазалаған кезде сенімді қуат көзі
қажет. Фотокамераны өшіріп, толық зарядталған EN-EL14 батареясын
салыңыз немесе қосымша EP-5A қуат жалғағышы мен EH-5b айнымалы ток
адаптерін жалғаңыз.
2 Объективті алып тастаңыз.
Фотокамераны өшіріп, объективті алыңыз.
3 Lock mirror up for cleaning (Тазалау
үшін айнаны көтерілген күйде
құлыптау) пəрменін таңдаңыз.
Фотокамераны қосыңыз жəне мəзірлерді
ашу үшін G түймешігін басыңыз. Баптау
мəзірінде Lock mirror up for cleaning
(Тазалау үшін айнаны көтерілген күйде
құлыптау) пəрменін белгілеп, 2 (H
немесе одан төмен батарея деңгейлерінде бұл параметр қол жетімді
болмайтынын ескеріңіз) басыңыз.
4 J басыңыз.
Оң жақтағы хабар мониторда көрсетіледі. Төменгі
жиіліктер сүзгісін тексермей қалыпты жұмысын қалпына
келтіру үшін фотокамераны өшіріңіз.
5 Айнаны көтеріңіз.
Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.
Айна көтеріледі жəне төменгі жиіліктер сүзгісін жауып
тұратын ысырма пердесі ашылады.
6 Төменгі жиіліктер сүзгісін тексеріңіз.
Фотокамераны жарық төменгі жиіліктер сүзгісіне
түсетіндей етіп ұстаңыз жəне сүзгіде тозаң немесе
ұлпаның бар-жоқтығын тексеріңіз. Егер бөгде нəрселер
болмаса, 8-қадамға өтіңіз.
G түймешігі