Анықтамалық нұсқаулық
183
n
7 Сүзгіні тазалаңыз.
Сүзгідегі тозаң мен ұлпаны ауа үргішпен кетіріңіз.
Қылдары бар ауа үргішті пайдаланбаңыз, себебі қылдар
сүзгіні зақымдауы мүмкін. Ауа үргіш арқылы кетіруге
болмайтын кірді Nikon компаниясының қызмет көрсету
маманы ғана кетіре алады. Не болса да, сүзгіні ұстауға
немесе сүртуге болмайды.
8 Фотокамераны өшіріңіз.
Айна төменгі күйге оралады жəне ысырма пердесі жабылады. Объективті
немесе корпус қақпағын орнына қайта салыңыз.
A Сенімді қуат көзін пайдаланыңыз
Ысырма пердесі нəзік келеді жəне оңай зақымдалады. Егер фотокамера айна көтеріліп
жатқанда өшсе, перде автоматты түрде жабылады. Пердені зақымдап алмау үшін мына
сақтық шараларын сақтаңыз:
• Айна көтеріліп жатқанда фотокамераны өшірмеңіз немесе қуат көзін суырмаңыз немесе
ажыратпаңыз.
• Егер айна көтеріліп жатқан кезде батарея қуаты төмендесе, ысырма пердесінің
жабылатыны жəне екі минуттай уақыттан кейін айнаның төмен түсетіні туралы ескерту
үшін дыбыс сигналы ойнайды жəне өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы
жыпылықтайды. Бірден тазалауды немесе тексеруді тоқтатыңыз.
D Төменгі жиіліктер сүзгісіндегі бөгде дүниелер
Nikon компаниясы өндіріс жəне тасымал кезінде төменгі жиіліктер сүзгісіне бөгде
нəрселердің тиюіне жол бермеу үшін барлық қолдан келетін сақтық шарасын қолданады.
Дегенмен, D3200 өзара ауыспалы объективтермен пайдалануға арналған жəне
объективтер алынған немесе ауыстырлған кезде фотокамераға бөгде нəрсе кіруі мүмкін.
Фотокамераға кіріп кеткеннен кейін, бөгде нəрсе төменгі жиіліктер сүзгісіне
жабысып, кейбір
жағдайларда түсірілген фотосуреттерде көрініп тұруы мүмкін. Объектив салынбаған кезде
фотокамераны қорғау үшін фотокамера корпусының қақпағын орнына салуды ұмытпаңыз,
ол үшін алдымен корпус қақпағына жабысуы мүмкін барлық шаңды жəне бөгде нəрсені
тазартыңыз. Объективтерді шаң-тозаң бар орталарда ауыстыруға əрекеттенбеңіз.
Бөгде нəрсе төменгі жиіліктер сүзгісіне түскен жағдайда, сүзгіні жоғарыда сипатталғандай
тазалаңыз немесе сүзгіні Nikon компаниясының қызмет көрсету маманына тазарттырыңыз.
Сүзгіде бөгде нəрсенің болуына байланысты аздап бүлінген фотосуреттерді Capture NX 2
(бөлек сатылады; 0 176) арқылы өңдеуге болады немесе кейбір суретті өңдеу
бағдарламаларындағы параметрлер көмегімен суретті тазалаңыз.