Анықтамалық нұсқаулық
Nikon компаниясының бір объективті, айналы (SLR) сандық
фотокамерасын сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз. Камераның
мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін барлық нұсқауларды мұқият оқуды
ұмытпаңыз жəне оларды өнімді пайдаланатын барлық адам оқи алатын
жерде сақтаңыз.
Таңбалар жəне шартты белгілер
Қажетті мəліметті оңай таба алуыңыз үшін келесі таңбалар мен шартты
белгілер қолданылуда:
Фотокамера мониторындағы мəзір элементтері, параметрлер жəне хабарлар
қалың күйде көрінеді.
Фотокамера баптаулары
Осы нұсқаулықтағы түсініктемелер əдепкі баптауларды ескере отырып берілген.
Анықтама
Мəзір элементтеріне жəне өзге тақырыптарға қатысты анықтама алу үшін
фотокамераның анықтамалық мүмкіндіін пайдаланыңыз. Мəлімет алу үшін 9 бетін
қараңыз.
A Қауіпсіздік шаралары
Камераны алғаш рет пайдаланудан бұрын, «Қауіпсіздік шаралары» (0 ix–xiv)
тарауындағы қауіпсіздік нұсқауларын оқыңыз.
D
Бұл белгіше сақтыққа шақыратын мəтінді белгілейді; камераға зақым
келтіріп алмау үшін пайдаланудан бұрын оқылуы тиіс ақпарат.
A
Бұл белгіше ескертпелерді, яғни фотокамераны пайдаланудан
бұрын оқылуы тиіс мəліметті білдіреді.
0
Бұл белгіше осы нұсқаулықтың өзге беттеріне жасалған
сілтемелерді білдіреді.