Анықтамалық нұсқаулық
184
n
Фотокамераға жəне батареяға
күтім жасау: Сақ болыңыз
Фотокамераға күтім жасау
Құлатып алмаңыз: Қатты соққы немесе діріл əсеріне ұшыраса, өнім дұрыс жұмыс жасамауы
мүмкін.
Құрғақ күйде сақтаңыз: Бұл өнім суға төзімді емес жəне суға батырылса немесе
ылғалдылығы жоғары жерде болса, дұрыс істемеуі мүмкін.
Ішкі механизмнің тоттануы
жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Температураның оқыс өзгеруіне жол бермеңіз: Салқын кезде жылумен қамтамасыз
етілген ғимаратқа кіру немесе шығу сияқты кезде орын алатын температураың оқыс
өзгерістері құрылғы ішінде конденсаттың пайда болуына əкелуі мүмкін.
Конденсаттың пайда
болуына жол бермеу үшін температураны оқыс өзгерісіне душар етуден бұрын тасымал
таымал сөмкесіне немесе пластмассалы сөмкеге салыңыз.
Магниттік өрісі күшті жерлерден алшақ жерде ұстаңыз: Бұл құрылғы күшті электр магнитті
сəулелену немесе магниттік өрістер шығаратын жабдықтың қасында пайдаланбаңыз немесе
сақтамаңыз.
Радио таратқыштар сияқты жабдық шығаратын күшті статикалық зарядтар
немесе магниттік өрістер мониторға кедергі келтіруі, жад картасында сақталған деректерді
зақымдауы немесе өнімнің ішкі тізбегіне əсер етуі мүмкін.
Объективті күнге бағытталған күйде қалдырмаңыз: Объективті ұзақ уақыт бойы күнге
немесе басқа күшті жарық көзіне бағытталған күйде қалдырмаңыз.
Қатты жарық кескін
сенсоры жұмысының нашарлауына əкелуі немесе фотосуреттерде ақ түсті бұлдырату əсерін
еруі мүмкін.
Қуат көзін суырар немесе ажыратар алдында өнімді өшіріңіз: Өнім қосулы немесе
кескіндер жазылып немесе өшіріліп жатқан кезде өнімді суырып тастамаңыз немесе батаряны
алмаңыз.
Осындай жағдайларда қуатты күштеп ажырату деректердің жоғалуына немесе өнім
жадының немесе ішкі тізбектің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Қуаттың кенеттен үзіліп қалмауы
үшін өнімді бір жерден екінші жерге айнымалы ток адаптері жалғаулы тұрғанда апаруға
əрекеттенбеңіз.
Тазалау: Фотокамера корпусын тазалаған кезде, шаң мен ұлпаны ақырын кетіру үшін ауа
үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, əрі құрғақ шүберекпен абайлап сүртіңіз.
Фотокамераны жағажайда немесе теңіз жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе тұз
түйірлерін аздап таза суға малынған шүберекпен сүртіңіз, содан кейін фотокамераның толық
кебуін күтіңіз.
Объектив пен айна тез зақымдалады.
Тозаң мен ұлпаны ақырын ғана ауа үргішпен кетіру
қажет.
Аэрозольды үргішті пайдаланған кезде сұйықтықтың төгілмеуі үшін құтыны тік күйде
ұстаңыз.
Объективтегі саусақ іздеріне немесе басқа дақтарды кетіру үшін жұмсақ шүберекке
объективті тазалағыш сұйықтықтың аз ғана мөлшерін құйыңыз жəне объективті мұқият
сүртіңіз.
Төменгі жиіліктер сүзгісін тазалау туралы ақпарат алу үшін «Төменгі жиіліктер сүзгісі» (0 180,
182) бөлімін қараңыз.
Ысырманың пердесін ұстамаңыз: Ысырма пердесі өте жіңішке болып келеді жəне тез
зақымдалады.
Қандай жағдай болмасын, пердеге күш салмау, оны тазалағыш құралдармен
түрту немесе ауа үргіштен шығатын қатты ауа ағысын бағыттамау қажет.
Бұл əрекеттер
перденің сызылуына, деформациялануына немесе жыртылуына əкелуі мүмкін.