Анықтамалық нұсқаулық
185
n
Сақтау: Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны құрғақ, əрі жақсы
желдетілетін жерде сақтаңыз.
Егер айнымалы ток адаптерін пайдалансаңыз, өрт шықпауы
үшін адаптерді суырыңыз.
Егер өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, батарея
ақпауы үшін оны алып қойыңыз жəне фотокамераы ылғал тартқышы бар пластмасса сөмкеде
сақтаңыз.
Дегенмен, фотокамера қабын пластмасса сөмкеде сақтамаңыз, себебі бұл
материалдың бұзылуына əкелуі мүмкін.
Ылғал тартқыштың ылғалды тарту барысында
ақырын өз көлемін жоғалтатынын жəне жүйелі түрде жаңасын салу қажеттігін ескеріңіз.
Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны сақталєан жерінен, кемінде, айына бір
рет шығарып тұрыңыз.
Фотокамераны қосыңыз жəне оны қайта салып қоймас бұрын
ысырманы бірнеше рет босатыңыз.
Батареяны салқын, əрі құрғақ жерде сақтаңыз.
Батареяны алып тастамас бұрын түйіспе тұс
қақпағын орнына салыңыз.
Мониторға қатысты ескертпелер: Монитор өте жоғары дəлдікпен жасалған; нүктелердің
кемінде 99,99% істейді, ең көп 0,01% жетіспейді немесе ақауы болып табылады. Бұл
дисплейлердің құрамында үнемі жанып тұруы (ақ, қызыл, көк немесе жасыл) немесе үнемі
өшірулі (қара) болу мүмкін нүктелер болғандықтан, бұл ақаулық емес жəне құрылғымен
жазылатын кескіндерге əсер етпейді.
Монитордағы суреттерді қатты жарық астында көру қиын болуы мүмкін.
Мониторды күшпен баспаңыз, себебі зақымдалуына немесе ақауына əкелуі мүмкін.
Монитордағы тозаң немесе ұлпаларды ауа үргіш арқылы кетіруге болады.
Дақтарды жұмсақ
шүберекпен немесе былғары терімен ақырын сүрту арқылы кетіруге болады.
Монитор сынып
қалса, сынған əйнектен жарақат алмау жəне монитордағы сұйық кристалдың теріге тимеуі
немесе көз бен ауызға кіріп кетпеуі үшін сақ болу қажет.
Муар əсері: Муар əсері құрамында мата тоқымасының немесе ғимарат терезелерінің үлгісі
сияқты қалыпты, қайталанатын тор бар кескіннің фотокамераның кескін сенсоры торымен
əрекеттесуімен жасалған кедергі үлгісі болып табылады. Егер
фотосуреттерде муар əсерін
байқасаңыз, ұлғайтып жəне кішірейтіп немесе нысан мен фотокамера арасындғы бұрышты
өзгертіп, нысанға дейінгі қашықтықты өзгертіп көріңіз.
Батареяға күтім жасау
Дұрыс пайдаланылмаса, батареялар ағуы немесе жарылуы мүмкін.
Батареяларды
пайдаланған кезде мына сақтық шараларын сақтаңыз:
• Осы жабдықта пайдалану үшін құпталған батареяларды ғана пайдаланыңыз.
• Батареяны отқа салмаңыз немесе шамадан тыс ыстық əсеріне душар етпеңіз.
• Батареяның шеттерін таза күйде ұстаңыз.
• Батареяны ауыстырудан бұрын өнімді өшіріңіз.
• Пайдаланбаған кезде батареяны фотокамерадан немесе зарядтау құрылғысынан
шығарыңыз жəне түйіспе тұс қақпағын орнына
салыңыз. Бұл құрылғылар өшірулі
болғанның өзінде аздаған заряд алып отырады жəне батарея қуатын батарея жарамсыз
болатындай деңгейде дейін түсіруі мүмкін. Егер батареяны белгілі бір уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз, оны фотокамераға салып, оны қайта алу жəне қоршаған орта
температурасы 15 пен 25 °C (ыстық немесе өте салқын жерлерді таңдамаңыз)
аралығындағы жерде сақтамас бұрын оны қуаты
таусылғанша пайдаланыңыз. Осы
əрекетті əр алты ай сайын қайталап тұрыңыз.
• Батарея толық разрядталған кезде фотокамераны қайта-қайта қосу жəне өшіру
батареяның жарамды мерзімін қысқартады. Пайдалану алдында толық разрядталған
батареяларды зарядтау керек.