Анықтамалық нұсқаулық
186
n
• Батарея пайдаланылған кезде батареяның ішкі температурасы көтерілуі мүмкін. Ішкі
температурасы жоғары кезде батареяны зарядтау əрекеті батарея тиімділігін төмендетеді
жəне батарея зарядталмауы немесе тек жартылай зарядталуы мүмкін. Зарядтау алдында
батареяның салқындауын күтіңіз.
• Батарея толық зарядталғаннан кейін оны зарядтауды жалғастыра беру батарея өнімділігін
нашарлатуы мүмкін.
• Бөлме температурасында пайдаланған кезде толық зарядталған
батареяның белгілі бір
уақыт ішінде тез азаюы оны ауыстыру қажеттігін білдіреді. Жаңа EN-EL14 батареясын
сатып алыңыз.
• Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз.
Маңызды шараларда фотосуреттер түсірген
кезде қосалқы EN-EL14 батареясын дайын жəне толық зарядталған күйде ұстаңыз.
Орналасқан жеріңізге қарай қосалқы батареяларды тез арада сатып алу қиынға соғуы
мүмкін. Салқын күндері батареяның сыйымдылығы төмендеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Сырттағы салқын ауа-райында сурет түсіру алдында батареяның толық зарядталғанына
көз жеткізіңіз.
Қосалқы батареяны жылы жерде ұстаңыз жəне екеуін қажетінше
ауыстырыңыз.
Жылығаннан кейін, салқын батарея зарядының белгілі бір бөлігі қалпына
келуі мүмкін.
• Батареяларды бағалы ресурс ретінде пайдаланыңыз; жергілікті ережелерге сай
лақтырыңыз.