Анықтамалық нұсқаулық

203
n
❚❚ Дірілді азайту (ДА)
AF-S DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR II объективтері дірілді азайтуды (ДА)
қолдайды. Бұл фотокамера дірілі тудыратын бұлдыратуды азайтып, басқа
жағдайда болмайтын 4,0 тоқтауға дейін баяуырақ ысырма жылдамдықтарын алуға
мүмкіндік береді (Camera and Imaging Products Association [CIPA] стандарттарына
сай DX пішімді фотокамерамен 55 мм фокустық қашықтықта өлшенген; əсерлер
фотографқа жəне суретке түсіру жағдайларына қарай өзгеріп отырады). Бұл қол
жетімді ысырма жылдамдықтарының ауқымын арттырады жəне жағдайлардың кең
ауқымында қолмен ұстап, штативсіз фотосурет түсіруге мүмкіндік береді.
Дірілді азайту мүмкіндігін пайдалану үшін дірілді азайту
ауыстырғышын ON (ҚОСУЛЫ) күйіне жылжытыңыз. Дірілді
азайту мүмкіндігі ысырманы босату түймешігі жартылай
басылған кезде қосылады, бұл фотокамера дірлінің
көріністапқыштағы суретке жасайтын əсерін азайтып, нысанды
жақтау ішіне алу əрекетін жəне автофокустау жəне қолмен
фокустау режимдерінде фокустауды жеңілдетеді. Фотокамера
панорамаланған кезде, дірілді азайту мүмкіндігі панораманың
бөлігі болып табылмайтын қозғалықа ғана қолданылады (егер
фотокамера көлденеңінен панорамаланған болса, мысалы,
дірілді азайту мүмкіндіг тек тігінен болатын дірілге
қолданылады), бұл панораманы ақырын кең иін түрінде
түсіруге мүмкіндік беред.
Фотокамераны штативке мықтап орнатқан кезде дірілді азайту мүмкіндігін өшіріп
тастаңыз,
бірақ штатив бас бекітілмеген немесе моноподты қолдансаңыз, оны
қосулы күйде қалдырған дұрыс.
D Дірілді азайту
Дірілді азайту мүмкіндігі қосулы кезде фотокамераны өшірмеңіз немесе объективті
алмаңыз.
Дірілді азайту мүмкіндігі кірістірілген жарқыл зарядталып жатқан кезде өшіріледі. Дірілді
азайту мүмкіндігі қосулы кезде көріністапқыштағы кескін ысырма босатылғаннан кейін
бұрмалануы мүмкін. Бұл ақаулықты білдірмейді; суретке түсіруден бұрын
көріністапқыштағы кескіннің тұрақталуын күтіңіз.