Анықтамалық нұсқаулық

204
n
A Бірге жеткізілген керек-жарақтар
52 мм бекітілетін алдыңғы объектив қабы LC-52
Объективтің артқы қақпағы
A Қосымша керек-жарақтар
52 мм бұралатын сүзгілер
LF-1 жəне LF-4 артқы объектив қабы
Икемді объектив сөмкесі CL-0815
HB-69 байонеттік блендасы
Бленданы бекіту таңбасын q суретінде көрсетілгендей () бленданы орнату
таңбасымен () туралаңыз, содан кейін таңбасы бленданы құлыптау таңбасымен
(—{) тураланғанша бленданы бұраңыз (w).
Бленданы бекіту немесе алу кезінде негізіндегі таңбаның жанында ұстаңыз жəне тым
қатты ұстамаңыз. Виньеттеу бленда дұрыс жалғанбаған болса орын алуы мүмкін.
Пайдаланылмаған кезде, бленданы аударып, объективке бекітуге болады.
A Кең жəне өте кең бұрышты объективтерге қатысты ескертпе
Төменде көрсетілгендей жағдайларда автофокус қажет нəтижелерді бермеуі мүмкін.
1 Артқы фондағы нысандар фокустау нүктесінің негізгі нысаннан көбірек бөлігін
алып тұр.
Егер фокустау нүктесі алдыңғы фондағы да, артқы фондағы
да нысандарды қамтыса, фотокамера артқы фонда
фокусталуы жəне нысан фокустан тыс болуы мүмкін.
Мысал: Артқы фоннан
белгілі бір қашықтықта
алыстан түсірілген
портрет
2 Нысан көптеген кішігірім элементтерден құралған.
Фотокамераға контрасты жоқ немесе артқы фондағы
нысандардан кішірек болып көрінетін нысандарды фокустау
қиын болуы мүмкін.
Мысал: Гүлдер алқабы
Осындай жағдайларда қолмен реттелетін фокусты пайдаланыңыз немесе дəл
сондай қашықтықтағы басқа нысанды фокустау үшін фокустау құлпын
пайдаланып, фотосуретті қайта жиектеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
«Автофокустау режимімен жақсы нəтижелерге қол жеткізу» бөлімін қараңыз
(0 36).