Анықтамалық нұсқаулық

206
n
Батареяның жарамды мерзімі
Толық зарядталған батареялардың көмегімен түсіруге болатын суреттердің саны
батарея, температура жағдайына жəне фотокамераның қалай
пайдаланылатынына қарай əр түрлі болады.
EN-EL14 (1 030 мАс) батареялары
үшін сандар үлгісі төменде берілген.
Əр кадр бойынша суретке түсіру режимі (CIPA стандарты
1
): Шамамен
540 түсірілім
Үздіксіз суретке түсіру режимі (Nikon стандарты
2
): Шамамен 1 800 түсірілім
1 Мына сынақ жағдайларында AF-S DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR II
объективімен бірге 23 °C (±2 °C) деңгейінде өлшенеді: объектив шексіздік
деңгейінен минималды ауқымға өтеді жəне 30 с сайын бір фотосурет бір рет
əдепкі баптауларда түсіріледі; фотосурет түсірілгеннен кейін монитор 4 с
қосылады; монитор өшірілгеннен кейін сынаушы күту режимі таймерінің
аяқталуын күтеді; əрбір басқа түсірілімде жарқыл толық қуатында бір рет
жанады. Тікелей көрініс пайдаланылмайды.
2 Мына сынақ жағдайларында AF-S DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR II
объективімен бірге 20 °C деңгейінде өлшенеді: дірілді азайту өшірулі, үздіксіз
суретке түсіру режимі, фокустау режимі AF-C күйіне орнатылған, кескін сапасы
негізгі JPEG орнатылған, кескін өлшемі M (орташа) орнатылған, ақ түс
балансы v орнатылған, ISO сезімталдық ISO 100 орнатылған, ысырма
жылдамдығы
1
/250 с, ысырманы босату түймешігі 3 с жартылай басылғаннан
кейін фокус шексіздік деңгейінен минималды ауқымға үш рет өтеді; содан кейін
қатарынан алты сурет түсіріледі жəне монитор 4 с қосылып, өшеді; күту
режимінің таймері аяқталған кезде əрекет бір рет қайталанады.
Келесі əрекеттер батареяның жарамды мерзімін қысқартуы мүмкін:
Мониторды пайдалану
Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған
күйде ұстап тұру
Автофокустау амалын қайталай беру
NEF (RAW) суреттерді түсіру
Баяу ысырма жылдамдықтары
GP-1 GPS құрылғысын пайдалану
WU-1a сымсыз ұялы адаптерін пайдалану
ДА объективтерінде ДА (дірілді азайту) режимін пайдалану
Қайта зарядталмалы Nikon EN-EL14 батареяларын барынша пайдалану үшін:
Батарея түйіспелерін таза күйде ұстаңыз.
Ластанған түйіспелер батарея
жұмысын нашарлатуы мүмкін.
Батареяларды зарядтап болғаннан кейін бірден пайдаланыңыз.
Батареяларды
бірден қолданбасаңыз олар өз қуатын жоғалта береді.