Анықтамалық нұсқаулық

12
X
Алғашқы қадамдар
Батареяны зарядтау
Фотокамера қуатты EN-EL14 қайта зарядталмалы литий-ионды батареясынан
(жинаққа кіреді) алады. Сурет түсіру уақытын барынша созу үшін батареяны
пайдаланудан бұрын жинақпен бірге келген MH-24 зарядтау құылғысында
зарядтаңыз. Батарея қуаты толықтай таусылған кезде толық қайта зарядтауға
шамамен 1 сағат 30 минут уақыт кетеді.
1 Терминал қақпағын алыңыз.
Батареядан терминал қақпағын алып тастаңыз.
2 Батареяны салыңыз.
Батареяны зарядтау құрылғысындағы суретте
көрсетілгендей салыңыз.
3 Зарядтау құрылғысын тығыңыз.
Батарея зарядталып жатқанда CHARGE (ЗАРЯДТАУ)
шамы баяу жарқыл шығарады.
4 Зарядтау аяқталған кезде батареяны алыңыз.
CHARGE (ЗАРЯДТАУ) шамы жыпылықтауын тоқтатқан кезде зарядтау
аяқталады. Зарядтау құрылғысын суырып, батареяны алыңыз.
A Ашалы адаптер
Сатып алынған ел немесе аймаққа қарай, ашалы адаптер зарядтау
құрылғысымен бірге келуі мүмкін. Адаптердің пішіні сатып алған елге
немесе аймаққа қарай өзгеше болуы мүмкін. Ашалы адаптер
жинақпен бірге келсе, жардағы ашаны көтеріп, ашалы адаптерді оң
жақта көрсетілгендей жалғаңз жəне ашаның толық салынғанына көз
жеткізіңіз. Ашалы адаптерді күштеп суыруға тырысу
өнімді
зақымдауы мүмкін.
D Батареяны зарядтау
Батареяны бөлме ішінде 5–35 °C арасындағы температурада
зарядтаңыз. Батареяның температурасы 0 °C төмен немесе
60 °C жоғары болса, ол зарядталмайды.
D Зарядталу барысында
Зарядтау кезінде зарядтау құрылғысын қозғамаңыз немесе
батареяны ұстамаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау кей
жағдайда батарея жартылай зарядталған кезде зарядтау
құрылғысының зарядтаудың аяқталғанын көрсетуіне əкелуі
мүмкін. Зарядтауды қайта бастау үшін батареяны алып, қайта
салыңыз.
Батарея
зарядта-
луда
Зарядтау
аяқталды