Анықтамалық нұсқаулық

13
X
Батареяны салу
1 Фотокамераны өшіріңіз.
2 Батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз.
Ілмегін босатып, (q) батарея бөлімінің қақпағын (w)
ашыңыз.
3 Батареяны салыңыз.
Қызғылт түсті батарея ілмегін бір
жаққа басылған күйде ұстау үшін
батареяны пайдалана отырып,
батареяны крсетілген бағытта
салыңыз (e). Батарея толық
салынған кезде ілмек батареяны
орнында ұстайды.
4 Батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз.
A Батареяларды салу жəне алу
Батареяларды салу немесе алудан бұрын фотокамераны əрдайым өшіріңіз.
A Батареяны алу
Фотокамераны өшіріп, батарея
бөлімінің қақпағын ашыңыз. Батареяны
босатып, оны қолмен алу үшін батарея
ілмегін көрсеткімен көрсетілген бағытта
басыңыз.
D Батарея жəне зарядтау құрылғысы
Осы нұсқаулықтың ix–x жəне 184–186 беттерінде берілген ескертулер мен сақтық
жазбаларын оқып, оларды орындаңыз. Батареяны 0 °C төмен немесе 40 °C жоғары
температурада пайдаланбаңыз; осы сақтық шарасын орындамау батареяны зақымдауы
немесе оның жұмыс өрсеткішін нашарлатуы мүмкін. Батарея температуралары 0 °C пен
15 °C жəне 45 °C пен 60 °C аралығында болған кезде, батареяның сыйымдылығы азаюы
жəне зарядталу уақыты ұлғаюы мүмкін. Зарядталу
кезінде CHARGE (ЗАРЯДТАУ) шамы
жылдам жыпылықтаса (яғни, секундына сегіз рет), температураның дұрыс ауқымда екеніне
көз жеткізіңіз, одан кейін зарядтау құрылғысын суырып, батареяны алып, қайта салыңыз.
Егер ақау жойылмаса, бірден пайдалануды доғарып, батарея мен зарядтау құрылғысын
жергілікті сауда нүктесіне немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне апарыңыз.
Толық зарядталған батареяны зарядтауға тырыспаңыз. Осы
сақтық шарасын орындамау
батарея жұмысының нашарлауына əкелуі мүмкін.
Зарядтау құрылғысын сыйысымды батареялармен ғана пайдаланыңыз.
Пайдаланбаған
кезде суырып қойыңыз.
w
q
Батарея ілмегі
e