Анықтамалық нұсқаулық
15
X
A Жиналмалы объективтің бөшке іспеттес түймешіктері бар объективтер
Фотокамераны пайдалану алдында масштабтау
сақинасының құлпын ашыңыз жəне оны
ұзартыңыз. Жиналмалы объективтің бөшке
іспеттес түймешігін басып тұрып (q),
масштабтау сақинасын көрсетілгендей бұраңыз
(w).
Объектив ішке қарай жиналған кезде
суреттерді түсіру мүмкін емес; егер объектив
ішке қарай жиналған күйде фотокамераны
қосудың нəтижесінде қате туралы хабар
көрсетілсе, масштабтау сақинасын хабар
кеткенше бұраңыз.
D Автофокустау
Автофокустау мүмкіндігі автофокустау жетектерімен жабдықталған AF-S жəне AF-I
объективтерінде ғана қолдауға ие. Автофокустау мүмкіндігін өзге АФ объективтерінде
пайдалану мүмкін емес (0 167).
D Апертура сақиналары бар микропроцессорлы объективтер
Апертура сақинасымен жабдықталған микропроцессорлы объективтер болған кезде
(0 168), апертураны минималды орнатымда бекітіңіз (ең жоғарғы f саны).
A Объективті босатып алу
Объективтерді алған немесе ауыстырған кезде фотокамераны
өшіруді ұмытпаңыз. Объективті алу үшін объективті босату
түймешігін (q) басып, ұстап тұрыңыз жəне объективті сағат тілі
бағытында бұраңыз (w). Объективті алғаннан кейін объектив
қақпақтарын жəне фотокамера корпусының қақпағын орындарына
салыңыз.
A Жиналмалы объективтің бөшке іспеттес түймешіктері бар жиналмалы
объективтер
Фотокамера пайдаланылмаған кезде объективті ішке қарай жинау
үшін жиналмалы объективтің бөшке іспеттес түймешігін ұстап тұрып
(q), масштабтау сақинасын «L» (құлыптау) күйіне көрсетілгендей
бұраңыз (w). Фотокамерадан алмай тұрып объективті ішке қарай
жинаңыз, əрі объективті бекіту немесе алу кезінде жиналмалы
объективтің бөшке іспеттес түймешігін басып қалмаңыз
.
Жиналмалы
объективтің бөшке
іспеттес түймешігі