Анықтамалық нұсқаулық

17
X
A Сағат батареясы
Фотокамера сағатына қуат тəуелсіз, қайта зарядталмалы қуат көзінен беріледі, олар негізгі
батарея салынған немесе фотокамера қосымша EP-5A қуат жалғағышы жəне EH-5b
айнымалы ток адаптері арқылы қосылған кезде қажетіше зарядталады (0 178).
Үш күн
бойы зарядтау сағатқа бір айдай уақытқа жететін қуат береді.
Егер фотокамера қосылған
кезде сағаттың орнатылмағанын ескертетін хабар пайда болса, сағаттағы батарея қатының
таусылғанын жəне сағаттың бастапқы қалпына келгенін білуге болады.
Сағатты дұрыс
уақыт пен күнге сай орнатыңыз.
A Фотокамера сағаты
Фотокамера сағатының дəлдігі көптеген қол сағаттары мен тұрмыстық сағаттарға қарағанда
сəл төмендеу.
Сағатты дəл болып табылатын уақытқа сай жиі тексеріп, қажетінше
дұрыстап тұрыңыз.
A Баптау мəзірі
Тіл жəне күн/уақыт баптауларын баптау мəзіріндегі Language (Тіл) (0 137) жəне Time zone
and date (Уақыт белдеуі жəне күн) (0 137) параметрі арқылы кез келген уақытта өзгертуге
болады.