Анықтамалық нұсқаулық
X
18
Жад картасын салу
Фотокамера суреттерді Secure Digital (SD) жад карталарында (бөлек сатылады;
0 177) сақтайды.
1 Фотокамераны өшіріңіз.
2 Жад картасы ұяшығының қақпағын
ашыңыз.
Жад картасы ұяшығының қақпағын сыртқа
жылжытып (q), жад картасы ұяшығын ашыңыз
(w).
3 Жад картасын салыңыз.
Жад картасын оң жақта көрсетілгендей ұстап,
орнына кіргенше ішке қарай сырғытыңыз. Жад
картасының қатынас шамы бірнеше секундқа
жанады. Жад картасы ұяшығының қақпағын
жабыңыз.
Жад картасын фотокамерада алғаш пайдаланып отырсаңыз немесе жад
картасы басқа құрылғыда пішімделген болса, жад картасын 19 бетте
сипатталғандай пішімдеңіз.
A Жад карталарын салу жəне алу
Жад карталарын салу немесе алудан бұрын фотокамераны əрдайым өшіріңіз.
D Жад карталарын салу
Жад карталарының жоғарғы жағын төмен қаратып
немесе артқы жағымен салу фотокамераны немесе
жад картасын зақымдауы мүмкін.
Жад картасының
дұрыс бағытта тұрғанына көз жеткізу үшін тексеріңіз.
A Жад карталарын алу
Жад картасына қатынасу шамының өшкеніне көз
жеткізгеннен кейін, фотокамераны өшіріп, жад картасы
ұяшығының қақпағын ашыңыз жəне суыру үшін картаны
басыңыз (q). Осыдан кейін, жад картасын қолмен суыруға
болады (w).
A Жазудан қорғау қосқышы
SD жад карталары деректердің абайсызда жоғалуына жол
бермеу үшін жазудан қорғау ажыратқышымен жабдықталған.
Осы қосқыш «lock» (құлыптаулы) күйде тұрған кезде, жад
картасын пішімдеу жəне фотосуреттерді өшіру немесе жазу
мүмкін болмайды (ысырманы босатуға тырыссаңыз дыбыс
сигналы шығады).
Жад картасының құлпын ашу үшін
қосқышты «write» (жазу) күйіне сырғытыңыз.
4
GB
Алдыңғы жағы
Жад картасына
қатынасу шамы
4
GB
Жазудан қорғау қосқышы
4
GB