Анықтамалық нұсқаулық

19
X
Жад картасын пішімдеу
Жад карталарын алғаш пайдаланудан бұрын немесе өзге құрылғыларда
пішімделген болса пішімдеу қажет.
Картаны төменде сипатталғандай пішімдеңіз.
1 Фотокамераны қосыңыз.
2 Пішімдеу параметрлерін
шығарыңыз.
Мəзірлерді ашу үшін G түймешігін
басыңыз. Баптау мəзіріндегі Format
memory card (Жад картасын пішімдеу)
параметрін белгілеңіз жəне 2 басыңыз.
Мəзірлерді пайдалануға қатысты қосымша
мəлімет алу үшін 9 бетті қараңыз.
3 Иə дегенді белгілеңіз.
Жад картасын пішімдеместен шығу үшін No
(Жоқ) дегенді белгілеп, J басыңыз.
4 J басыңыз.
Карта пішімделіп жатқан кезде оң жақтағы
хабар көрінеді. Пішімдеу аяқталғанға дейін
жад картасын суырмаңыз немесе қуат
көзін суырмаңыз немесе ажыратпаңыз.
D Жад карталарын пішімдеу
Жад карталарын пішімдеу олардың ішіндегі деректерді өшіреді.
Осылай жасаудан бұрын
компьютерде сақтағыңыз келетін фотосуреттерді немесе өзге деректерді көшіріп алуды
ұмытпаңыз (0 111).
D Жад карталары
Жад карталары пайдаланылғаннан кейін ыстық болуы мүмкін.
Жад карталарын
фотокамерадан алған кезде абай болыңыз.
Жад карталарын салу немесе алудан бұрын қуатты өшіріңіз.
Пішімдеу барысында
немесе деректер жазылып, өшіріліп немесе компьютерге көшіріліп жатқан кезде, жад
карталарын фотокамерадан алмаңыз, фотокамераны өшірмеңіз немесе қуат көзінен
суырмаңыз немесе ажыратпаңыз.
Осы сақтық шараларын орындамау деректердің
жоғалуына немесе фотокамера немесе жад картасының зақымдалуна əкелуі мүмкін.
Жад картасының шеттерін саусақпен немесе метал заттармен ұстамаңыз.
Имеңіз, түсіріп алмаңыз немесе қатты соққыға душар етпеңіз.
Жад картасын салу кезінде күш қолданбаңыз.
Осы сақтық шарасын орындамау жад
картасын зақымдауы мүмкін.
Суға, ыстыққа, жоғары ылғалдылыққа немесе күннің тік сəулелеріне шығармаңыз.
Жад карталарын компьютерге салып пішімдемеңіз.
G түймешігі