Анықтамалық нұсқаулық

X
20
Көріністапқыш фокусын реттеу
Фотокамера көру қабілетіндегі жекелеген айырмашылықтарды ескеру үшін
диоптрияны реттеу мүмкіндігімен жабдықталған. Көріністапқыштағы суреттерді
жақтау ішіне алудан бұрын көріністапқыштағы индикатордың фокуста тұрғанын
тексеріңіз.
1 Объектив қақпағын алып тастаңыз.
2 Фотокамераны қосыңыз.
3 Көріністапқышты фокустаңыз.
Көріністапқыш дисплейі жəне фокустау нүктесі
фокуста анық болғанша диоптрияны реттеу
тетігін бұраңыз. Көзіңізді көріністапқышқа
жақындатып, тетікті пайдаланған кезде,
көзіңізге саусақты немесе тырнақты кіргізіп
алмауға тырысыңыз.
A Көріністапқыш фокусын реттеу
Көріністапқышты жоғарыда сипатталғандай фокустай алмасаңыз, əр кадр бойынша
бақылағыш автофокустауды (AF-S; 0 35), жалғыз нүктелі АФ (c; 0 38) жəне ортадағы
фокустау нүктесін (0 40) таңдаңыз, содан кейін жоғары контрастты нысанды ортадағы
фокустау нүктесіндегі жақтау ішіне алыңыз жəне фотокамераны фокустау үшін ысырманы
босату түймешігін жартылай басыңыз. Фотокамера фокуста болған кезде, нысанды
көріністапқыштағы фокусқа анық түрде алу үшін диоптрияны реттеу тетігін пайдаланыңыз.
Қажет болса, көріністапқыш фокусын қосымша түзеткіш объективтер арқылы əрі қарай
реттеуге болады (0 176).
Фокустау нүктесі