Анықтамалық нұсқаулық
21
s
s
Қарапайым суретке
түсіру амалдары
Суретке түсіруден бұрын, батарея қуатының деңгейін жəне қалған кадрлар санын тексеріңіз.
1 Фотокамераны қосыңыз.
2 Батарея қуатының деңгейін тексеріңіз.
Ақпараттық дисплейдегі батарея қуатының деңгейін
тексеріңіз (батарея қуаты төмен болса, көріністапқышта а
ескерту пайда болады). Монитор өшірулі болса,
ақпараттық дисплейді қарау үшін
P
түймешігін басыңыз;
егер де монитор іске қосылмаса, бұл батарея қуатының
таусылғанын жəне зарядталуы керектігін білдіреді.
3 Қалған кадрлар санын тексеріңіз.
Ақпараттық дисплей мен көріністапқыш
ағымдағы баптаулармен түсіруге болатын
фотосуреттер санын көрсетеді (1 000 жоғары
мəндер ең жақын жүздік санға дөңгеленеді;
мысалы, 1 200 бен 1 299 арасындағы мəн 1,2 K
ретінде көрсетіледі). Қосымша фотосуреттерді
сақтау үшін жад жеткіліксіз деген ескерту пайда
болса, басқа жад картасын салыңыз (0 18)
немесе кейбір фотосуреттерді өшіріңіз (0 106).
Батарея қуатының деңгейі жəне
жад картасының сыйымдылығы
Ақпараттық
дисплей
Көріністапқыш Сипаттамасы
L
—
Батарея толық зарядталған.
K
—
Батарея қуаты жартылай таусылған.
H d
Батарея қуаты төмен.
Толық зарядталған қосымша
батареяны оңай жерде ұстаңыз немесе батареяны
зарядтауға дайындалыңыз.
H
(жыпылықтайды)
d
(жыпылықтайды)
Батарея қуаты таусылған; ысырманы босату ажыратылған.
Батареяны зарядтаңыз немесе ауыстырыңыз.