Анықтамалық нұсқаулық
22
s
«Бағытта жəне түсір» атты фотосурет
түсіру (
i
жəне
j
режимдері)
Бұл бөлім параметрлердің көбісі суретке түсіру жағдайларына жауап
ретінде фотокамера арқылы бақыланатын i жəне j режимдерінде,
автоматты «бағытта да, түсір» режимдерінде фотосуреттерді қалай
түсіру керектігін сипаттады.
1 Фотокамераны қосыңыз.
Объектив қақпағын алып, фотокамераны қосыңыз. Ақпараттық дисплей
мониторда көрсетіледі.
2 i немесе j режимін таңдаңыз.
Жарқылды пайдалануға тыйым салынған
жерде, сəбилерді немесе жарығы аз жерлерде
қалыпты жарықты суретке түсіру үшін авто
(жарқыл өшірулі) режимін режимді таңдау
дискін j дегенге бұрау арқылы таңдаңыз. Не
болмаса, режимді таңдау дискін i (авто)
дегенге бұраңыз.
3 Камераны дайындаңыз.
Фотосуреттерді көріністапқыш
ішіндегі жақтауға алған кезде, қол
тұтқасын оң қолыңызбен ұстап,
камераның корпусын немесе
объективті сол қолмен тіреңіз.
Шынтағыңызды ақырын ғана
кеудеңізге тірелген күйде ұстап,
денеңіздің теңселмеуі үшін бір аяғыңызды екінш
аяғыңыздан жарты адымдай алға созыңыз.
Фотосуреттерді портрет (тік) бағытта жақтауға алған
кезде фотокамераны оң жақта көрсетілгендей ұстаңыз.
j режимінде, ысырма
жылдамдықтары жарық нашар
кезде баяулайды; осындай кезде штативті пайдалану
ұсынылады.
4 Фотосуретті жақтау ішіне алыңыз.
Кемінде 11 фокустау нүктесінің біреуінде негізгі
нысанмен көріністапқышта фотосуретті
жақтауға алыңыз.
Режимді таңдау дискі
Фокустау нүктесі