Анықтамалық нұсқаулық
24
s
A Ысырманы босату түймешігі
Фотокамераның екі кезеңді ысырманы босату түймешігі бар. Камера ысырманы босату
түймешігі жартылай басылған кезде фокустайды. Фотосурет түсіру үшін ысырманы босату
түймешігін соңына дейін басыңыз.
Фокустау: жартылай
басыңыз
Сурет түсіру: соңына дейін
басыңыз
A Күту режимінің таймері
Шамамен 8 секунд бойы ешқандай амал орындалмаса көріністапқыш пен ақпараттық
дисплей батарея қуатының таусылуын азайту үшін өшеді. Дисплейді қайтадан қосу үшін
ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Күту режимінің таймері аяқталғанға
дейінгі уақыт ұзақтығын баптау мəзіріндегі Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері)
параметрі арқылы автоматты түрде таңдауға болады (0 140).
Экспонометр қосулы Экспонометр өшірулі Экспонометр
қосулы
A Кірістірілген жарқыл
Егер i режимінде экспозицияны дұрыстау үшін қосымша жарық
қажет болса, ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде
кірістірілген жарқыл автоматты түрде шығады (0 47). Егер жарқыл
көтерілсе, фотосуреттерді жарқылдың дайындығын білдіретін
индикатор (M) көрінген кезде ғана түсіруге болады. Егер жарқылдың
дайындығын білдіретін индикатор көрінбесе, жарқыл зарядталуда;
ысырманы босату түймешігінен саусағыңызды аз
ғана уақытқа
алыңыз жəне қайтадан көріңіз.
Жарқыл пайдаланылмаған кезде батарея қуатын үнемдеу үшін оны
ілмегі ілінгенше үстінен ақырын басу арқылы жабыңыз.
A Масштабтау объективін пайдалану
Нысанның кадрдағы үлкендеу аумақты толтыруы үшін
нысанды ұлғайту немесе соңғы фотосуреттегі көрінетін
аумақты көбейту мақсатында кішірейту үшін масштабтау
сақинасын пайдаланыңыз (ұлғайту үшін объективтің
фокустық қашықтық шкаласындағы үлкендеу фокустық
қашықтықты, кішірейту үшін кішілеу фокустық қашықтықты
таңдаңыз). Егер объектив жиналмалы объективтің бөшке
іспеттес түймешігімен жабдықталған болса (0 15), осы
түймешікті басып
тұрып, масштабтау сақинасын объектив
босағанша жəне ескерту хабары кеткенше бұраңыз, содан кейін масштабтау сақинасын
пайдаланып масштабты реттеңіз.
Ұлғайту
Кішірейту
Ұлғайту
доғасы