Анықтамалық нұсқаулық
25
s
Шығармашыл фотосурет түсіру
(көрініс режимдері)
Фотокамера келесі «көрініс» режимдерін ұсынады. Көрініс режимін
таңдау баптауларды таңдалған көрініске сай оңтайландырады,
енді шығармашыл суретті оп-оңай жасауға болады: 22–24
беттерінде сипатталғандай режимді таңдаңыз, суретті жақтау ішіне
алыңыз жəне суретті түсіріңіз.
Келесі көріністерді режимді таңдау дискімен таңдауға
болады:
k Портрет
Жұмсақ, табиғи көрінетін тері реңктері
бар портреттер үшін пайдаланыңыз. Егер
нысан артқы фоннан алыс орналасқан
болса немесе телефото объективі
пайдаланылса, артқы фондағы ұсақ
нəрселер кадр жиектемесіне тереңдік
сезімін бере отырып жұмсарады.
l Пейзаж
Күндізгі уақытта мазмұнды пейзаждарды
түсіру үшін пайдаланыңыз. Кірістірілген
жарқыл жəне АФ қосымша шам өшеді;
жарық жеткіліксіз кезде суреттің
бұлдырамауы үшін штативті пайдалану
ұсынылады.
p Бала
Балаларды түсіру үшін пайдаланыңыз.
Киім мен артқы фондағы дүниелер анық
түрде беріледі, ал тері реңдері жұмсақ
жəне табиғи күйде қалады.
Режимді таңдау дискі