Анықтамалық нұсқаулық
32
z
A Жад буфері
Фотокамера жад картасына сақталып жатқан фотосуреттерді түсіруді жалғастыра беруге
мүмкіндік беретін уаытша сақтау мақсатында пайдаланылатын жад буферімен
жабдықталған.
100 фотосуретке дейін бірінен соң бірін түсіруге болады, дегенмен, буфер
толық кезде кадр жылдамдығы төмендйтінін ескеріңіз.
Фотосуреттер жад картасына жазылып жатқан кезде жад картасына қатынасу шамы
жанады (0 2).
Буфердегі кескіндер санына қарай жазу бірнеше минутқа созылуы мүмкін.
Қатынасу шамы өшкенге дейін жад картасын алмаңыз немесе қуат көзін алып
тастамаңыз немесе ажыратпаңыз.
Егер фотокамера буферде деректер қалған кезде
өшірілген болса, қуаты буфердегі барлық суреттер жазылғанш өшпейді.
Егер батарея
қуаты буферде кескіндер қалған кезде таусылса, ысырманы босату ажыратылады жəне
кескіндер жад картасына көшіріледі.
A Үздіксіз суретке түсіру режимі
Үздіксіз суретке түсіру режимін (I) кірістірілген жарқылмен пайдалану мүмкін емес;
режимді таңдау дискін j (0 22) күйіне бұрыңыз немесе жарқылды өшіріңіз (0 47–49).
Қатарынан түсіру режимі арқылы түсіруге болатын фотосуреттер санына қатысты мəлімет
алу үшін 188 бетін қараңыз.
A Буфер өлшемі
Ағымдағы баптауларда жад буферінде сақтауға болатын
кескіндердің шамамен саны ысырманы босату түймешігі басылған
кезде көріністапқыштағы кадрлар есептегішінде көрінеді. Сурет буферде шамамен 19
суретке арналған бос орын қалған кездегі дисплейді көрсетеді.
A Ақпараттық дисплей
Суретке түсіру режимін ақпараттық дисплейдегі Release mode
(Суретке түсіру режимі) параметрі арқылы да таңдауға болады
(0 5).