Анықтамалық нұсқаулық
33
z
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер
жəне қашықтан басқару режимдері
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер жəне қосымша ML-L3 қашықтан басқару пульті
(0 177) фотосуретшіге фотосурет түсірген кезде фотокамерадан қашық болуға
мүмкіндік береді.
1 Камераны штативке орнатыңыз.
Камераны штативке орнатыңыз немесе камераны тұрақты, түзу орынға қойыңыз.
2 Босату режимін таңдаңыз.
E
(өздігінен түсіруді реттейтін таймер),
"
(кешіктірілген қашықтан басқару мүмкіндігі)
немесе
#
(жылдам қашықтан басу пульті)
режимін таңдаңыз (
0
31; қашықтан басқару
режимі таңдалғаннан кейін шамамен бір
минут ішінде ешбір əрекет орындалмаса,
фотокамер əр кадр бойынша, үздіксіз немесе
тыныш ысырманы босату режиміне автоматты түрде оралатынын ескеріңіз).
3 Фотосуретті жақтау ішіне алыңыз.
Қашықтан басқару режимі: Ысырманы босату түймешігін жартылай басып
фокусты тексеріңіз. Түймешік тіпті соңына дейін басылса да, фотосурет
түсірілмейді.
4 Фотосурет түсіріңіз.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимі
:
Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін
жартылай басып, түймешікті соңына дейін басыңыз.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы
жарқылдай бастайды жəне дыбыстық сигнал ойнай
бастайды.
Фотосурет түсірілмес бұрын екі секундта шам жарқылдауды тоқтатады
жəне дыбыстық сигнал жиілейді.
Ысырма таймер іске қосылғаннан кейін он
секундта босатылады.
Қашықтан басқару режимі
: 5 м немесе одан аз қашықтықтан
ML-L3 таратқышын фотокамерадағы инфрақызыл
қабылдағыштардың біреуіне бағыттап (
0
1, 2), ML-L3
ысырманы босату түймешігін басыңыз.
Кешіктірілген
қашықтан басқару режимінде өздігінен түсіруді реттейтін
таймер шамы ысырма босатылатын кезге шамамен екі
секундтай уақыт қалғанда жанады.
Жылдам қашықтан басқару режимінде
өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы ысырма босатылғаннан кейін жанады.
Фотокамера фокустай алмағанда немесе ысырманы босату мүмкін болмаған басқа
жағдайларда таймер іске қосылмауы немесе фотосурет түсірілмеуі мүмкін екенін
ескеріңіз.
Фотокамераны өшіру өздігінен түсіруді реттейтін таймерді жəне қашықтан
басқару пультінің түсіру режимдеін болдырмайды жəне əр кадр бойынша, үздіксіз
немесе тыныш ысырманы босату режимін қалпына келтіреді.
I (E/#) түймешігі