Анықтамалық нұсқаулық
35
z
Фокустау
Бұл бөлім фотосуреттер көріністапқышта жақтауға алынған кезде қол жетімді болатын
фокустау параметрлерін сипаттайды.
Фокусты автоматты түрде немесе қолмен реттеуге
болады (төмендегі «Фокус режимі» қараңыз).
Қолданушы автоматты немесе қолмен
реттелетін фокусқа арналған фокустау нүктесін таңдай (
0
42) немесе фокустағаннан
кейін фотосуреттерді қайта жиектеу үшін фокустау құлпын пайдалана алады (
0
40).
Фокустау режимі
Мына фокустау режимдерінің біреуін таңдаңыз. AF-S жəне AF-C тек P, S, A жəне M
режимдерінде қол жетімді екенін ескеріңіз.
1 Меңзерді ақпараттық дисплейге қойыңыз.
Егер түсірілім мəліметі мониторда
көрсетілмесе, P түймешігін басыңыз.
Меңзерді ақпараттық дисплейге қою үшін P
түймешігін қайта басыңыз.
2 Фокустау режимінің параметрлерін
көрсетіңіз.
Ақпараттық дисплейде ағымдағы фокустау
режимін белгілеп, J басыңыз.
3 Фокустау режимін таңдаңыз.
Фокустау режимін белгілеп, J басыңыз. Суретке
түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату
түймешігін жартылай басыңыз.
Режим Сипаттамасы
AF-A
Auto-servo AF
(Бақылағыш АФ
режимін автоматты
түрде таңдау)
Фотокамера нысан қозғалмаса əр кадр бойынша бақылайтын
автофокустауды, нысан қозғалыста болса үздіксіз бақылайтын
автофокустауды автоматты түрде таңдайды.
Ысырманы
фотокамера фокустай алған кезде ғана босатуға болады.
AF-S
Single-servo AF (Əр
кадр бойынша
бақылағыш АФ)
Қозғалмайтын нысандар үшін.
Фокустау мүмкіндігі ысырманы босату
түймешігі жартылай басылған кезде құлыпталады.
Ысырманы
фотокамера фокустай алған кезде ғана босатуға болады.
AF-C
Continuous-servo AF
(Үздіксіз бақылағыш
АФ)
Қозғалатын нысандар үшін.
Ысырманы босату түймешігі жартылай
басылған кезде фотокамера үздіксіз фокустайды.
Ысырманы
фотокамера фокустай алған кезде ғана босатуға болады.
MF
Manual focus (Қолмен
реттелетін фокус)
Қолмен фокустаңыз (
0
42).
P түймешігі Ақпараттық
дисплей