Анықтамалық нұсқаулық

36
z
A Болжалды бақылағыш фокустау
AF-C режимінде немесе AF-A режимінде үздіксіз бақылағыш автофокус таңдалған кезде
ысырманы босату түймешігі жартылай басылғанда нысан фотокамераға қарай қозғалса,
фотокамера болжалды бақылағыш фокустауды іске қосады. Бұл фотокамераға ысырма
босатылған кезде нысанның қай жерде болатынын болжау əрекеті барысында фокусты
бақылауға мүмкіндік береді.
D Үздіксіз бақылағыш автофокус
AF-C режимінде немесе AF-A режимінде үздіксіз бақылағыш автофокус таңдалған кезде
фотокамера AF-S режиміне қарағанда фокус жауабына жоғары басымдық береді (фокустау
ауқымы кеңірек) жəне фокустау күйінің индикаторы көрсетілгенше ысырманы босатуға
болады.
A Автофокустау көмегімен жақсы нəтижелерге қол жеткізу
Автофокус мүмкіндігі төменде көрсетілген жағдайларда жақсы нəтиже көрсетпейді. Егер
фотокамера осындай жағдайларда фокустай алмаса, ысырманы босату мүмкіндігі
ажыратылуы мүмкін немесе фокустау күйінің индикаторы (I) көрініп, фотокамера дыбыс
сигналын шығаруы мүмкін, бұл нысан фокуста болмаған кездің өзінде де ысырманы
босатуға мүмкіндік береді. Осындай жағдайларда қолмен фокустаңыз (
0 42) немесе
қашықтығы бірдей басқа нысанға фокустау үшін фокустау құлпын (0 40) пайдаланып,
фотосуретті қайта жиектеңіз.
Нысан мен артқы фон
арасындағы контраст
төмен немесе тіпті жоқ.
Мысал: Нысанның түсі
артқы фон түсімен бірдей.
Фокустау нүктесі анық
контрасты бар жарық
аумақтарды қамтиды.
Мысал: Нысан жартылай
көлеңке астында.
Фокустау нүктесі
фотокамерадан əртүрлі
қашықтықта орналасқан
нысандарды қамтиды.
Мысал: Нысан тор ішінде.
Артқы фондағы нəрселер
нысаннан үлкендеу көрінеді.
Мысал: Кадрға нысанның
артындағы ғимарат кіріп
тұр.
Нысан қалыпты
геометриялық пішіндерге
ие.
Мысал: Көпқабатты үйдегі
жалюзи немесе терезелер
қатары.
Нысан бірнеше кішігірім
нəрселерден құралған.
Мысал: Гүлге толы алаң
немесе кішкентай немесе
жарықтығы бірдей өзге де
нысандар.