Анықтамалық нұсқаулық

38
z
АФ аумағының режимі
Автофокустау режиміне арналған фокустау нүктесінің қалай таңдалатынын
белгілеңіз. Фокустау режимі үшін AF-S таңдалған кезде d (Dynamic-area AF
(Динамикалық аумақ АФ)) жəне f (3D-tracking (11 points) (3D бақылау (11
нүкте))) қол жетімді болмайтынын ескеріңіз.
1 Меңзерді ақпараттық дисплейге қойыңыз.
Егер түсірілім мəліметі мониторда
көрсетілмесе, P түймешігін басыңыз.
Меңзерді ақпараттық дисплейге қою үшін P
түймешігін қайта басыңыз.
2 АФ аумағының режимі параметрлерін
көрсетіңіз.
Ақпараттық дисплейде ағымдағы АФ аумағының
режимін белгілеп, J басыңыз.
Режим Сипаттамасы
c
Single-point AF
(Жалғыз нүктелі АФ)
Қолданушы мульти селектормен фокустау нүктесін
таңдайды (0 40); фотокамера тек таңдалған фокустау
нүктесінде нысанға фокустайды. Қозғалмайтын нысандар
үшін пайдаланыңыз.
d
Dynamic-area AF
(Динамикалық аумақ
АФ)
AF-A жəне AF-C фокустау режимдерінде қолданушы
мульти селектормен фокустау нүктесін таңдайды (0 40),
бірақ нысан таңдалған нүктеден сəл ғана ұзаса, фотокамера
айналасындағы фокустау нүктелерден ақпарат негізінде
фокустайды. Ретсіз қозғалатын нысандармен
пайдаланыңыз.
f
3D-tracking (11 points)
(3D бақылау (11 нүкте))
AF-A жəне AF-C фокустау режимдерінде қолданушы
фокустау нүктесін мульти селектормен таңдайды (0 40).
Егер нысан фотокамера фокустағаннан кейін қозғалса,
фотокамера жаңа фокустау нүктесін таңдау үшін 3D
бақылауды пайдаланады жəне ысырманы босату түймешігі
жартылай басылған кезде фокусты бастапқы нысанда
құлыптаулы ұстайды. Егер нысан көріністапқыштан шығып
кетсе,
ысырманы босату түймешігінен саусағыңызды
алыңыз жəне таңдалған фокустау нүктесінде орналасқан
нысаны бар фотосуретті қайта жиектеңіз.
e
Auto-area AF
(АФ аумағын автоматты
түрде таңдау)
Фотокамера нысанды автоматты түрде анықтайды жəне
фокустау нүктесін таңдайды.
P түймешігі Ақпараттық
дисплей