Анықтамалық нұсқаулық

42
z
Қолмен реттелетін фокус
AF-S немесе AF-I объективін пайдаланбаған кезде немесе автофокус қажетті
нəтижелерді бермеген кезде қолмен реттелетін фокусты пайдалануға болады
(0 36).
1 Объективтің фокус режимінің қосқышын
орнатыңыз.
Егер объектив A-M немесе M/A-M режимін
ауыстырғышпен жабдықталса, қосқышты M күйіне
ысырыңыз.
2 Фокустаңыз.
Қолмен фокустау үшін объективтің фокустау сақинасын
көріністапқыштағы таза бұлыңғыр аумағында көрініп
тұрған сурет фокусқа алынғанша реттеңіз.
Фотосуреттерді сурет фокуста болмаса да, кез келген
уақытта түсіруге болады.
❚❚ Электрондық қашықтықты өлшегіш
Егер объективтің максималды апертурасы f/5.6 немесе одан
да жылдам болса, көріністапқыштың фокустау индикаторын
таңдалған фокустау нүктесіндегі нысанның фокусталғанын
(фокустау нүктесін 11 фокустау нүктесінің арасынан таңдауға
болады) растау үшін пайдалануға болады. Нысанды
таңдалған фокустау нүктесіне орналастырғаннан кейін,
ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз жəне
объективті фокустау сақинасын фокустау индикаторы (I) пайда болғанша
бұраңыз. 36 бетте берілген нысандарда, фокустау индикаторының нысан фокуста
болмаған кезде көрінуі мүмкін екенін ескеріңіз; сурет түсіруден бұрын
көріністапқыштағы нысанның фокусталғанына көз жеткізіңіз.
A-M режимін
ауыстырғыш
M/A-M
режимін
ауыстырғыш