Анықтамалық нұсқаулық
51
z
ISO сезімталдық
«ISO сезімталдық» таспа жылдамдығының сандық баламасы болып табылады. ISO
сезімталдық неғұрлым жоғары, жоғары ысырма жылдамдықтарын немесе кішігірім
апертураларды мүмкін қылатын экспозиция жасау үшін соғұрлым аз жарық қажет,
бірақ кескінге бұрмаланудың əсер ету ықтималы соғұрлым жоғары болады
(кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе сызықтар;
бұрмалану əсірее ISO 12800 тең келетін Hi 1 баптауында орын алуы мүмкін). Auto
(Авто) параметрін таңдау фотокамерағa жарық жағдайларына жауап ретінде ISO
сезімталдықты автоматты түрде орнатуға мүмкіндік береді.
1 Меңзерді ақпараттық дисплейге қойыңыз.
Егер түсірілім мəліметі мониторда
көрсетілмесе, P түймешігін басыңыз.
Меңзерді ақпараттық дисплейге қою үшін P
түймешігін қайта басыңыз.
2 ISO сезімталдық параметрлерін
көрсетіңіз.
Ақпараттық дисплейде ағымдағы ISO
сезімталдықты белгілеп, J басыңыз.
3 ISO сезімталдықты таңдаңыз.
Параметрді белгілеңіз жəне J басыңыз.
Суретке түсіру режиміне оралу үшін ысырманы
босату түймешігін жартылай басыңыз.
Режим ISO сезімталдыєы
i, j Auto (Авто)
P, S, A, M 1 ЭМ сатыларындағы 100–6 400; Hi 1
Өзге сурет түсіру
режимдері
Auto (Авто); 1 ЭМ сатыларындағы 100–6 400; Hi 1
P түймешігі
Ақпараттық
дисплей