Анықтамалық нұсқаулық
53
t
t
P, S, A жəне M режимдері
P, S, A жəне M режимдері ысырма жылдамдығы мен апертураны
басқарудың əр түрлі деңгейлерін ұсынады:
Ысырма жылдамдығы мен апертура
Режим Сипаттамасы
P
Бағдарламаланған
автоматты режим (
0
54)
Фотокамера оңтайлы экспозиция үшін ысырма жылдамдығы мен
апертураны орнатады.
Лездік суреттер жəне фотокамера
баптауларын реттеуге уақыт аз болатын басқа жағдайларда
ұсынылады.
S
Ысырманы ұстап тұру
басымдығы бар
автоматты режим (
0
55)
Қолданушы ысырма жылдамдығын таңдайды, фотокамера жақсы
нəтижеге қол жеткізу үшін апертураны таңдайды.
Қозғалысты
қатырып тастау немесе бұлдырату үшін пайдаланыңыз.
A
Апертура басымдығы
бар автоматты режим
(
0
56)
Қолданушы апертураны таңдайды; фотокамера жақсы нəтижеге
қол жеткізу үшін ысырма жылдамдығын таңдайды.
Артқы фонды
бұлдырату немесе алдыңғы фон мен артқы фонды фокус ішіне алу
үшін пайдаланыңыз.
M
Қол режимі (
0
57)
Қолданушы ысырма жылдамдығы мен апертураны басқарады.
Ұзақ экспозициялар үшін ысырма жылдамдығын «Қолмен басылу
режимі» немесе «Уақыт» күйіне орнатыңыз.
D Объективтің апертура сақиналары
Апертура сақинасымен жабдықталған кірістірілген микропроцессоры бар объективті
пайдаланған кезде (0 168) апертура сақинасын ең төменгі апертурада құлыптаңыз (ең
жоғарғы f саны). G типті объективтер апертура сақинасымен жабдықталмайды.
A Ысырма жылдамдығы мен апертура
Дəл осындай экспозицияға ысырма жылдамдығы мен апертураның əр түрлі тіркесімдерімен
қол жеткізуге болады. Жоғары ысырма жылдамдықтары мен үлкен апертуралар
қозғалыстағы нысандарды қатырады жəне артқы фондағы нəрселерді жұмсартады, ал
төмен ысырма жылдамдықтары мен кішкентай апертуралар қозғалыстағы нысандарды
бұлдыратады жəне артқы фондағы нəрселерді анық етіп көрсетеді.
Жоғары ысырма
жылдамдығы
(
1
/1 600 с)
Төмен ысырма
жылдамдығы
(1 с)
Үлкен апертура
(f/5.6)
Кішкентай апертура
(f/22)
(f саны жоғары болған сайын, апертураның
кішірейе беретінін есте ұстаңыз.)
Ысырма жылдамдығы Апертура