Анықтамалық нұсқаулық

54
t
Режим P (Бағдарламаланған автоматты
режим)
Бұл режимде фотокамера ысырма жылдамдығы мен апертураны көп жағдайларда
оңтайлы экспозицияға қол жеткізу үшін автоматты түрде реттейді. Бұл режим лездік
суреттер жəне фотокамераның ысырма жылдамдығы мен апертураны басқару
қажет басқа жағдайлар үшін ұсынылады. Бағдарламаланған автоматты режимде
фотосуреттерді түсіру:
1 Режимді таңдау дискін P бұраңыз.
2 Фотосуретті жақтау ішіне алыңыз, фокустаңыз жəне түсіріңіз.
A Икемді бағдарлама
P режимінде басқару дискін бұрау арқылы ысырма
жылдамдығы мен апертураның əр түрлі
тіркесімдерін таңдауға боладыикемді
бағдарлама»). Артқы фондағы нəрселерді
бұлдырататын үлкен апертуралар (төмен f сандары)
немесе қозғалысты «қатырып тастайтын» жоғары
ысырма жылдамдықтары үшін дискті оңға қарай
бұраңыз. Анық түсірілетін кеңістік тереңдігін
тереңдігін ұлғайтатын кішкентай апертуралар
(жоғары f сандар) немесе қозғалысты
бұлдырататын төмен ысырма жылдамдықтары үшін
дискті солға қарай бұраңыз. Барлық тіркесімдер бірдей экспозицияны береді. Икемді
бағдарлама қосулы кезде көріністапқышта жəне ақпараттық дисплейде U (R) индикаторы
пайда болады. Əдепкі ысырма жылдамдығы мен апертура баптауларын қалпына келтіру
үшін басқару дискін индикатор көрінбей қалғанша бұраңыз, басқа режимді таңдаңыз немесе
фотокамераны өшіріңіз.
Режимді таңдау дискі
Басқару дискі