Анықтамалық нұсқаулық
55
t
Режим S (Ысырманы ұстап тұру
басымдығы бар автоматты режим)
Ысырма басымдығы бар автоматты режимде, ысырма жылдамдығын фотокамера
оңтайлы экспозиция шығаратын апертураны автоматты түрде таңдап жатқан кезде
таңдауға болады. Бұлдыраған қозғалыстағы нысандары бар қозғалысты ұсыну
үшін төмен ысырма жылдамдықтарын, қозғалысты «қатырып тастау» үшін жоғары
ысырма жылдамдықтарын пайдаланыңыз.
Ысырма басымдығы бар автоматты режимде фотосуреттер түсіру үшін:
1 Режимді таңдау дискін S күйіне
бұраңыз.
2 Ысырма жылдамдығын таңдаңыз.
Ысырма жылдамдығы көріністапқышта
жəне ақпараттық дисплейде көрсетіледі. 30
с жəне
1
/4 000 с аралығындағы мəндерден
қажетті ысырма жылдамдығын таңдау үшін
басқару дискін бұраңыз.
3 Фотосуретті жақтау ішіне алыңыз, фокустаңыз жəне түсіріңіз.
Жоғары ысырма жылдамдығы (
1
/1 600 с) Төмен ысырма жылдамдығы (1 с)
Режимді таңдау дискі
Басқару дискі