Анықтамалық нұсқаулық
60
t
Экспозиция
Өлшеу
Фотокамераның P, S, A жəне M режимдерінде (өзге режимдерде, фотокамера
өлшеу əдісін автоматты түрде таңдайды) экспозицияны қалай орнататынын
таңдаңыз.
1 Ақпараттық дисплейге меңзерді қойыңыз.
Егер түсірілім мəліметі мониторда
көрсетілмесе, P түймешігін басыңыз.
Меңзерді ақпараттық дисплейге қою үшін P
түймешігін қайта басыңыз.
2 Өлшеу параметрлерін көрсетіңіз.
Ақпараттық дисплейде ағымдағы өлшеу əдісін
белгілеп, J басыңыз.
3 Өлшеу əдісін таңдаңыз.
Параметрді белгілеп, J басыңыз. Суретке
түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату
түймешігін жартылай басыңыз.
Əдіс Сипаттамасы
L
Matrix metering
(Матрицалық
өлшем)
Көптеген жағдайларда кəдімгі нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
береді. Фотокамера кадрдың кең аумағын өлшеу жəне реңк үлестірімі,
түс, кадр жиектемесі мен G немесе D объективтерніен (0 168)
қашықтық мəліметіне (3D түрлі-түсті матрицалы өлшеу жүйесі II)
сəйкес экспозицияны орнату үшін 420-нүктелі RGB сенсорды
пайдаланады; басқа кірістірілген микропроцессоры бар
объективтермен фотокамера 3D қашықтық мəліметін қамтымайтын
түрлі-түсті матрицалы өлшеу жүйесін
пайдаланады).
M
Center-weighted
metering
(Ортасы
бойынша өлшеу)
Фотокамера кадрды толық өлшейді, бірақ ең көп салмақты орталық
аумаққа тағайындайды. Портреттерге арналған дəстүрлі өлшеу əдісі;
1× асатын экспозицияның өзгеру еселігі (сүзгі еселігі) бар сүзгілерді
пайдаланған кезде ұсынылады.
N
Spot metering
(Нүктелі
экспоөлшегіш)
Фотокамера ағымдағы фокустау нүктесін өлшейді; ортадан тыс
нысандарды өлшеу үшін пайдаланыңыз (егер 38 бетінде
сипатталғандай көріністапқышпен фотосурет түсіру кезінде АФ
аумағының режимі үшін e Auto-area AF (АФ аумағын автоматты
түрде таңдау) таңдалған болса, фотокамера орталық фокустау
нүктесін өлшейді). Артқы фоны анағұрлым жарық немесе күңгірт болса
да, нысанның дұрыс экспозициялануын қамтамасыз етеді.
P түймешігі Ақпараттық
дисплей