Анықтамалық нұсқаулық
61
t
Автоэкспозиция құлпы
Экспозицияны өлшеу үшін M (Center-weighted metering (Ортасы бойынша
өлшеу)) жəне N (Spot metering (Нүктелі экспоөлшегіш)) пайдаланғаннан кейін
фотосуреттерді қайта жиектеу үшін автоэкспозиция құлпын пайдаланыңыз;
автоэкспозиция құлпының i немесе j режимінде қол жетімді болмайтынын
ескеріңіз.
1 Экспозицияны өлшеңіз.
Нысанды кадрдың ортасына (ортасы бойынша
өлшеу) немесе таңдалған фокустау нүктесіне
(нүктелі экспоөлшегіш) орналастырып, фокусты
орнатып экспозицияны өлшеу үшін ысырманы
босату түймешігін жартылай басыңыз. Фокустау
күйінің индикаторы (I) көріністапқышта
көрсетілгенін тексеріңіз.
2 Экспозицияны құлыптаңыз.
Экспозицияны құлыптау үшін ысырманы босату
түймешігін жартылай басып (q) жəне нысанды фокустау
нүктесіне орналастырып, A (L) түймешігін (w) басыңыз.
Экспозиция құлпы қосулы кезде көріністапқышта АE-L
индикаторы пайда болады.
3 Фотосуретті өзгертіңіз.
A (L) түймешігін басып тұрып фотосуретті
қайта жиектеңіз жəне суретке түсіріңіз.
A Автоэкспозиция құлпы
Егер баптау мəзірінде Buttons (Түймешіктер) > Shutter-
release button AE-L (АЭ-Қ ысырманы босату түймешігі)
үшін On (Қосулы) параметрі таңдалса (0 144), ысырманы
босату түймешігі жартылай басылған кезде экспозиция
құлыпталады. A (L) түймешігінің мақсатын өзгерту туралы
ақпарат алу үшін Buttons (Түймешіктер) > Assign AE-L/AF-L
button (АЭ-Қ/АФ-Қ түймешігін тағайындау) қараңыз.
Ысырманы босату
түймешігі
A (L) түймешігі