Анықтамалық нұсқаулық

65
t
Жарқыл түзетілімі
Жарқыл түзетілімі фотокамера ұсынған деңгей беретін жарқылды өзгерту үшін
пайдаланылады жəне негізгі нысан жарықтығын артқы фонға қатысты өзгертеді.
1
/3 ЭМ еселігінде –3 ЭМ (қараңғылау) жəне +1 ЭМ (жарықтау) аралығындағы
мəндерден таңдаңыз; жалпы алғанда, оң мəндер нысанды бұрынғыдан жарық, ал
теріс мəндер оны қараңғылау етеді.
1 Ақпараттық дисплейге меңзерді қойыңыз.
Егер түсірілім мəліметі мониторда
көрсетілмесе, P түймешігін басыңыз.
Меңзерді ақпараттық дисплейге қою үшін P
түймешігін қайта басыңыз.
2 Жарқыл түзетілімі параметрлерін
көрсетіңіз.
Ақпараттық дисплейде жарқыл түзетілімін
белгілеп, J басыңыз.
3 Мəнді таңдаңыз.
Мəнді белгілеп, J басыңыз. Суретке түсіру
режиміне оралу үшін ысырманы босату
түймешігін жартылай басыңыз.
Қалыпты жарқыл қуатын жарқыл түзетілімін ±0 орнату арқылы қалпына келтіруге
болады. Жарқыл түзетілімі фотокамера өшірілген кезде қалпына келмейді.
P түймешігі Ақпараттық
дисплей