Анықтамалық нұсқаулық
69
t
Ақ түс балансы
Ақ түс балансы жарық көзі түсінің фотосурет түстеріне əсер етпеуін қамтамасыз
етеді. Көптеген жарық көздері үшін автоматты ақ түс балансын пайдалану
ұсынылады; P, S, A жəне M режимдерінде, қажет болса, жарық түріне сəйкес басқа
мəндерді таңдауға болады:
1 Ақпараттық дисплейге меңзерді қойыңыз.
Егер түсірілім мəліметі мониторда
көрсетілмесе, P түймешігін басыңыз.
Меңзерді ақпараттық дисплейге қою үшін
P түймешігін қайта басыңыз.
2 Ақ түс балансы параметрлерін
көрсетіңіз.
Ақпараттық дисплейде ағымдағы ақ түс балансы
баптауын белгілеп, J басыңыз.
3 Ақ түс балансы параметрін таңдаңыз.
Параметрді белгілеп, J басыңыз. Суретке
түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату
түймешігін жартылай басыңыз.
Режим Сипаттамасы
v
Auto (Авто)
Ақ түс балансын автоматты реттеу. Көптеген
жағдайларда ұсынылады.
J
Incandescent (Қызу бөлетін
шам)
Қызатын лампа жарығының астында пайдаланыңыз.
I
Fluorescent (Флюоресцентті)
70 бетінде көрсетілген жарық көздерімен
пайдаланыңыз.
H
Direct sunlight (Күннің тік
сəулесі)
Күннің тік сəулесі жарықтандырып тұрған нысандарды
түсіргенде пайдаланыңыз.
N
Flash (Жарқыл) Жарқылмен пайдаланыңыз.
G
Cloudy (Бұлтты) Бұлыңғыр ауа-райында пайдаланыңыз.
M
Shade (Көлеңке)
Көлеңкеде орналасқан нысандар үшін күндіз
пайдаланыңыз.
L
Preset manual (Алдын-ала
қолмен енгізілген мəн)
Ақ түс балансын өлшеңіз немесе ақ түс балансын бар
фотосуреттен көшіріңіз (0 72).
P түймешігі Ақпараттық
дисплей